ҚР ПІБ МО санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы қаптамадағы ауыз суды сатып алған кезде қаптаманың герметикалық тұтастығына, атауына, құрамына, өңдеу тәсіліне, өндірілген күніне, жарамдылық мерзіміне, сақтау шарттары бойынша таңбалау атрибуттарына назар аудару қажет екендігін алға тартады. Қаптамада судың мақсаты (ауыз су, емдік немесе асханалық) көрсетілуі керек.
Су барлық нормаларға толық сәйкес келген жағдайда ғана пайдалы болмақ. Судың қауіпсіздігі мен сапасы бойынша зерттеулер тек аккредиттелген, сертификаттары бар, мамандандырылған зертханаларда жүргізіледі.
ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының зертханалары атомдық-эмиссиялық элементтік анализатор, иондық хроматограф сияқты заманауи жоғары дәлдіктегі жабдықтарды пайдалана отырып, бөтелкедегі суға зертханалық зерттеулер жүргізеді. Судың микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулері судағы әртүрлі бактериялар мен паразиттердің болуын анықтауға мүмкіндік береді, олардың арасында ауру тудыратындары да болуы мүмкін, ал радионуклидтерді анықтау судың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.