Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында ҚР Президенті Іс басқармасы шағын футболдан турнир ұйымдастырды.
Жыл сайынғы спорттық іс-шараға ҚР ПІБ және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда: Медициналық орталық, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы, Әкімшілік ғимараттар дирекциясы, Автошаруашылық, Инженерлік-техникалық орталық, «Бүркіт» авиакомпаниясы, «Бурабай-Даму» кәсіпорны, Қазқұрылысжүйесі, ҚР Президентінің Телерадиокешені және Іс Басқармасының орталық аппараты қызметкерлерінен құралған командалар.
Турнирді ҚР ПІБ ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Ербол Адаев құттықтау сөзімен ашты. Алғы сөзде дәстүрлі спартакиада ұжымдық бірлікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Барлық командалар тамаша дене шынықтыру мен ұйымшылдықты көрсетті, алайда финалға тек мықтылар шықты. Допты меңгеру шеберлігін көрсете отырып, Медициналық орталық, ҚР Президентінің Телерадиокешені, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы және былтырғы чемпион – Әкімшілік ғимараттар дирекциясы турнирдың финалистері атанды.
Сонымен, үшінші орынды Әкімшілік ғимараттар дирекциясы алды. Чемпион атағы үшін күресте Медициналық орталық пен ҚР Президентінің Телерадиокешені таласты. Айта кетейік, Медициналық орталық командасының бірінші және соңғы матчтары ҚР ПТРК-мен өтті. Қызықты ойында екі команда да жеңісті жұлып алғысы келді. Бірінші тайм шиеленісті болды, ойыншылардың жарақаттары мен ереже бұзушылықтары орын алды. Екінші таймда барлық ойыншылар шиеленісіп, көптен күткен голды соғуға талпыныстар болды. Матчтың есебін Медициналық орталық ашты, бірақ одан әрі күш салғанымен ойын 1:0 есебімен аяқталды.
Сонымен қатар, қақпашы Әскербек Сәдуақасовтың кәсібилігінің арқасында Медициналық орталықтың командасы бірде-бір допты жіберіп алған жоқ. Ол үшін турнирдің «Үздік қақпашысы» атағына ие болды.