Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ҚР Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы ынтымақтас...

ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ҚР Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы ынтымақтастықты бастады

ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ҚР Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы ынтымақтастықты бастады ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ҚР Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы ынтымақтастықты бастады ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ҚР Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы ынтымақтастықты бастады ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ҚР Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы ынтымақтастықты бастады ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ҚР Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы ынтымақтастықты бастады ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ҚР Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы ынтымақтастықты бастады

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой мен ҚР Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы Ержан Смайыл өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл маңызды құжат медициналық көмек көрсетуге, қызметкерлерді медицина саласындағы инновациялық технологияларға оқытуды ұйымдастыруға, сондай-ақ өзара іс-қимылды нығайтуға және серіктестік қатынастарды дамытуға бағытталған.

Меморандумның мақсаты – әскери қызметшілерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту. Келісім шеңберінде тараптар пациенттердегі аурулардың алдын алу, диагностикалау, емдеу және оңалту туралы уағдаласты.

Қонақтарды қарсы ала отырып, Алексей Цой бұл өзара іс-қимыл бірлескен ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамытатынына, медициналық орталықтың санаторийлерінде санаторлық-курорттық емдеу мен медициналық оңалтуды көрсететініне, медициналық көмек көрсету сапасын бақылау қызметін, пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметтерін, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыратынына назар аударды.

«Бұл құжат біздің мекемелер арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа көкжиегін ашады. Сіз бен біз күш-жігерді, білім мен тәжірибені біріктіру арқылы ғана Денсаулық сақтау саласында шынымен маңызды нәтижелерге қол жеткізуге болатынын жақсы түсінеміз. Бұл одан да тығыз өзара әрекеттесу, озық технологиялармен, ғылыми әзірлемелермен және практикалық тәжірибелермен алмасу жолындағы алғашқы қадам ғана. Бұл меморандум біздің медицина кадрларының біліктілігін арттыруға да бағытталған. Осы меморандум шеңберінде бірлесіп жұмыс істеу медицинада азаматтарымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігін нығайтуда жаңа биіктерге жетуге мүмкіндік беретініне сеніміміз мол», - деп атап өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы.

Меморандум Медициналық және басқарушы персоналдың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаларды өткізуді, бірлескен ғылыми семинарлар, конференциялар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруды көздейді.

Ержан Смайыл кездесу үшін алғысын білдіріп, Медициналық орталықтың халқымыздың денсаулығын жақсартуға қосқан үлесі орасан зор екенін атап өтті.

«Президент әрқашан «Ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі!». Сондықтан қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Өйткені адам денсаулығы әрқашан ең жоғары құндылық, ал оған қамқорлық жасауды таңдаған адамдар барлық уақытта құрметке ие болды. Қалыптасқан қарым-қатынастардың сақталуына сенім білдіреміз және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз», - деп атап өтті ол өз сөзінде.

Серіктестік медициналық қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге және Отанымыздың игілігі үшін қызмет атқаратын әскери қызметшілердің денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді.