Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ОПЕК халықаралық даму қоры арасында кездесуі өтті

ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ОПЕК халықаралық даму қоры арасында кездесуі өтті

ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ОПЕК халықаралық даму қоры арасында кездесуі өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ОПЕК халықаралық даму қоры арасында кездесуі өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ОПЕК халықаралық даму қоры арасында кездесуі өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ОПЕК халықаралық даму қоры арасында кездесуі өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ОПЕК халықаралық даму қоры арасында кездесуі өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ОПЕК халықаралық даму қоры арасында кездесуі өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен ОПЕК халықаралық даму қоры арасында кездесуі өтті

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының инвестициялық жобаларына арналған ОПЕК халықаралық даму қорымен кездесу өтті. Жиын барысында Алматы қаласында 300 төсек орындықҰлттық госпиталь мен бір ауысымда 500 науқасты қабылдай алатын емхана салу, сондай-ақ бас шаһарда екі балабақшаның құрылысы талқыланды.

Кездесуге ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, ОПЕК халықаралық даму қорының өкілі – Фатма Эльшати мен Қазақстанның Даму Банкінің өкілі – Венера Буденова қатысты.

Медициналық орталық басшысы Алексей Цой өзінің алғы сөзінде жоспарланып отырған көпсалалы аурухана барлық заманауи стандарттарға сай болатынын және Орталық Азиядан медициналық туристерді тарта отырып, елдің оңтүстік өңірі үшін медициналық хаб бола алатынын атап өтті. Ол сондай – ақ балабақша құрылысы мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жоба екенін және олардың қолжетімділігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам екенін сөз етті.

Өз кезегінде ОПЕК халықаралық даму қоры мен Қазақстанның Даму Банкінің өкілдері болашақ жобалармен презентация арқылы танысып, денсаулық сақтау мен мектепке дейінгі білім беруді қоса алғанда, әлеуметтік саладағы бұл жобалардың бүкіл ел деңгейінде маңыздылығына тоқталды.

Шара соңында маңызды кездесу ұйымдастырылған ҚР ПІБ МО ауруханасы бойынша экскурсия өткізіліп, қонақтарға Алматы қаласындағы аурухананың шамамен қандай болатыны туралы көрсетілді. Ауруханадан кейін делегация «Қарлығаш» балабақшасымен де танысуға барды.