Басты бетАстанада әлемнің жетекші мамандары қатысатын «Заманауи хирургиядағы жоғары технологиялар» халықар...

Астанада әлемнің жетекші мамандары қатысатын «Заманауи хирургиядағы жоғары технологиялар» халықаралық форумы өтеді

Астанада әлемнің жетекші мамандары қатысатын «Заманауи хирургиядағы жоғары технологиялар» халықаралық форумы өтеді Астанада әлемнің жетекші мамандары қатысатын «Заманауи хирургиядағы жоғары технологиялар» халықаралық форумы өтеді Астанада әлемнің жетекші мамандары қатысатын «Заманауи хирургиядағы жоғары технологиялар» халықаралық форумы өтеді Астанада әлемнің жетекші мамандары қатысатын «Заманауи хирургиядағы жоғары технологиялар» халықаралық форумы өтеді Астанада әлемнің жетекші мамандары қатысатын «Заманауи хирургиядағы жоғары технологиялар» халықаралық форумы өтеді Астанада әлемнің жетекші мамандары қатысатын «Заманауи хирургиядағы жоғары технологиялар» халықаралық форумы өтеді

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының ұйымдастыруымен 21-22 қыркүйек аралығында Президенттік орталықта «Заманауи хирургиядағы жоғары технологиялар» халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтеді. Конференцияға АҚШ, Азия, Еуропа елдерінің жетекші мамандары келеді.

Оффлайн форматтағы конференцияны өткізу бастамасын ҚР ПІБ МО ауруханасы көтерген еді. Биыл екінші мәрте ұйымдастырылып жатқан іс-шара былтыр алғаш рет Ресей Федерациясының Қазан мемлекеттік медициналық университетімен бірлесіп өткізілгенін айта кеткен жөн.

Форум ересектер хирургиясының барлық бағытына арналған. Атап айтсақ жалпы хирургия, урология, проктология, гинекология, кардиохирургия, нейрохирургия, қантамыр хирургиясы, интервенциялық хирургия, аритмология, оториноларингология, офтальмология, яғни барлық дене хирургиясы қарастырылады деп айтуға болады.

Астана қаласында өтетін халықаралық ғылыми-практикалық форумда инновациялық, аз инвазиялық және қауіпсіз хирургия мәселелерін талқылау үшін сарапшылық диалог алаңы, оның ішінде күрделі жағдайларды көрсететін шеберлік сағаттары, операция залынан онлайн трансляция курстары, дөңгелек үстелдер мен тақырыптық секциялар ұсынылады. Іс-шараны өткізу тілі нейроинтервенцияда – ағылшын болса, басқа секцияларда негізгі тіл – орыс тілі болмақ.

Форум барысында ҚР ПІБ МО ауруханасы мен Ұлттық госпитальде қолданылатын жоғары технологиялар, инновациялар туралы айтылады. Сондай-ақ Қазақстанның, шетелдің алдыңғы қатарлы клиникаларынан шақырылған спикерлер де тәжірибесін бөліседі.