Уролог – несеп-жыныс жүйесіне қатысты барлық ауруды емдеумен айналысатын маман. Яғни бүйрек, несеп жолы, қуық, ерлердің жыныс мүшелеріне қатысты сырқаттарды қарастырады.
Урологқа, әдетте, науқастар зәр шығарудың бұзылуына қатысты мәселелермен жиі келеді. Егде жастағы еркектерде оған қуықасты безі аденомасы әсер етеді. Соның салдарынан зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылады, пациенттің зәр шығаруы қиындайды. Бұдан бөлек адамдар қатерлі және қатерлі емес өскіннің бар-жоғын анықтау үшін де жүгінеді.
Оның негізгі себебі – зәрдің кристалдануы. Пациент сұйықтықты аз ішсе, сонымен қатар ағзада дисбаланс, метаболикалық бұзылыстар туындаса несеп-тас ауруына әкеп соғуы мүмкін. Тастың өзі – осы аурулардың салдары. Бұл – урологиялық аурулардың ішінде ең кең тарағаны.
ҚР ПІБ МО ауруханасында урологиялық ауруларды емдеудің барлық тәсілдері бар. Атап айтсақ, эндоскопиялық, лапароскопиялық немесе тастарды уақтау және оларды сыртқа шығару сынды инвазивті емес тәсілдер, хирургиялық араласулардың барлық түрі қолданылады.