«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде ағымдағы жылы ең танымал қызмет түрлері емдік жаттығулар, ванналар, балшықпен емдеу және аппараттық физиотерапия болды.
«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ шипажайлар өкілдігінің басшысы Мәдина Бүркітбаеваның айтуынша, статистикалық мәліметтерге сүйенсек бүгінгі күні елімізде жұмыс істейтін SPA және Welness шипажайлық-курорттық бағытында орналасқан 173 сауықтыру мекемесінің ішінде мемлекеттік және көп желілік мәртебесіне тек бір ғана бренд – ол «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені ғана ие.
- «Бізге келетін қонақтарды, шетелдік туристерімізді біздің диеталық, қазақы тағамдарымыз, сондай-ақ шипажайдың сәтті орналасуы, әрине процедураларымыз климатотерапия, пантотерапия, массаждар, қымыз терапиясы, нафталан өнімдерімен емдеу және т.б. сауықтырудың түрлі тәсілдіреді қызықтырады және оларды тартады», - деді Мәдина Бүркітбаева.