Түрлі саланың 1700-ден астам маманы – оның ішінде 1300 медицина қызметкері жыл басынан бері Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында (МТАЖО) оқыды. Орталық 12 жылдан астам Президент Іс басқармасы жүйесі жұмысшыларының дағдыларын дамытумен, олардың іскерлік қабілетін арттыруға септігін тигізіп келетінін айта кеткен жөн.
Биылғы жылдың 9 айында адам бойындағы жағымды және жағымсыз дағдыларымен жұмыс істеу бойынша 60-тан астам тренинг пен оқу шаралары өткізілген. Оқудан өткен сала мамандарының атын атап өтсек, бұл - басқарушылық құзырет, мемлекеттік сатып алу, стратегиялық жоспарлау, HR-модульдер, тәлімгерлік, бюджеттеу және басқа саланың мамандары бар. Ал дәрігерлер өз кәсіби тақырыптары аясында шыңдалды.
МТАЖО еліміздегі бірегей оқу құқығына иелік етеді және олардың тізімін тұрақты түрде жаңартып отырады. 9 айда орталық медицина және білім беру салаларындағы өз позициясын нығайта отырып, білім беру бағдарламаларына 19 авторлық құқықты иеленді. Бүгінде МТАЖО инновацияларды енгізу және білім беру бағыттарының тізімін кеңейте отырып, өз ісінде дамуды жалғастыруда.