Республика күні қарсаңында ҚР Президенттің Іс басқарушысы Асат Нұрпейісов орталық аппарат пен оған қарасты ұйымдардың ұжымын алда келе жатқан мерекемен құттықтап, ерекше көзге түскен қызметкерлерге мемлекеттік наградалар, грамоталар мен алғыс хаттар табыстады. Олардың қатарында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен оның қарамағындағы ұйымдарының қызметкерлері болды.
ҚР ПІБ Медорталығы Ұлттық госпиталінің бірінші хирургиялық бөлімінің меңгерушісі Естай Абзалбек, ҚР ПІБ Медорталығы ауруханасының геномдық диагностика дербес зертханасының басшысы Гүлшара Әбілдинова және «Оқ-Жетпес» ЕСК «Алматы» филиалының директоры Гүлжанат Бұғыбаева «Құрмет» орденімен марапатталды.
ҚР ПІБ Медорталығы ауруханасының директоры Рустам Албаев, ҚР ПІБ Ұлттық госпиталінің дәрігері Людмила Бегалина, ҚР ПІБ Медорталығы ауруханасының диагностикалық бөлімшесінің компьютерлік және магниттік-резонанстық томография секторының аға дәрігері Игорь Берестюк және ҚР ПІБ Медорталығы ауруханасының көлік қызмет көрсету бөлімінің арнайы автокөлік жүргізушісі Аман Күкенов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
«Шапағат» медалімен ҚР ПІБ Медорталығы Ұлттық госпиталінің 1-ші терапиялық бөлімінің мейірбикесі Рахилям Машурова және Медорталық ауруханасының арнайы бөлім қызметінің мейірбикесі Татьяна Симухина марапатталды.