Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы делегациясының Абай облысындағы сапарының алғашқы күнінің нәтижелері

ҚР ПІБ Медициналық орталығы делегациясының Абай облысындағы сапарының алғашқы күнінің нәтижелері

ҚР ПІБ Медициналық орталығы делегациясының Абай облысындағы сапарының алғашқы күнінің нәтижелері ҚР ПІБ Медициналық орталығы делегациясының Абай облысындағы сапарының алғашқы күнінің нәтижелері ҚР ПІБ Медициналық орталығы делегациясының Абай облысындағы сапарының алғашқы күнінің нәтижелері ҚР ПІБ Медициналық орталығы делегациясының Абай облысындағы сапарының алғашқы күнінің нәтижелері ҚР ПІБ Медициналық орталығы делегациясының Абай облысындағы сапарының алғашқы күнінің нәтижелері ҚР ПІБ Медициналық орталығы делегациясының Абай облысындағы сапарының алғашқы күнінің нәтижелері

28 қазанда Семей қаласына ҚР ПІБ Медициналық орталығының делегациясы келіп жетті. Алдағы үш күн бойы олар күрделі оталар жасап, пациенттерге кеңес беріп, Абай облысының медицина қызметкерлері үшін дәрістер мен семинарлар өткізеді.

Делегация құрамына ҚР ПІБ МО Ауруханасының және Ұлттық госпиталінің тәжірибелі дәрігерлері (эпилептолог, аллерголог, травматолог, аритмолог, гастроэнтеролог, кардиолог, нейрохирург), сондай-ақ Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мен Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының мамандары кірді.

28 қазанда Абай облысының ауруханаларына 29 консультация берілді. Сонымен қатар 9 дәріс, 1 шеберлік сабағы және 207 дәрігерге арналған 4 семинар өткізілді.

Нейрохирургтар Мынжылқы Бердіқожаев пен Марат Саршаев, аритмолог Аян Абдрахманов және рентген-хирург Александр Землянский 11 күрделі отаны сәтті орындап шықты.

30 қазанға дейін Медорталықтың құрамына кіретін медициналық ұйымдарының мамандары Абай облысының барлық тұрғындары мен ауруханалардың науқастарына консультация мен емделуге мұқтаждарға тегін жоғары білікті медициналық көмек көрсететін болады.

Еске салайық, Абай облысы ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтіп жатқан 13-ші өңірі. Бұған дейін еліміздің 12 облыс орталығында дәрігерлер 237-ден астам операция жасап, 1926 консультация өткізді және әріптестеріне 277 дәріс оқыды.