«ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» жобасының екінші күні ҚР ПІБ МО ауруханасы мен Ұлттық госпиталінің жетекші дәрігерлері 4 күрделі отаны сәтті аяқтып, өңірдің 26 тұрғынына кеңес берді.
Сондай-ақ, ҚР ПІБ Медициналық орталығы жүйесінің жоғары білікті мамандары өңірлік медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне 4 дәріс, шеберлік сабақтары мен презентация өткізіп, оған 360 маман қатысты.
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының сарапшылары ҚР ДСМ ССЭК Абай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша тренинг өткізді. Өңірдің білім беру және медициналық мекемелерінің өкілдерімен тамақтан уланудың алдын алу мәселелері талқыланды. Іс-шараға барлығы 74 адам қатысты.
Сонымен қатар шара аясында «Оқжетпес» ЛОК» АҚ қызметкерлері облыстың кәсіподақ ұйымдарына санаторийлер желісінің мүмкіндіктері туралы кеңірек айтты. Кездесу барысында «Оқжетпес» шипажайларында сауықтырудың негізгі артықшылықтары, оның ішінде әртүрлі емдеу бағдарламалары, заманауи жабдықтар және бірегей табиғи факторлар тақырыптары кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасының мамандары іс-шара аясында 4 мектепке дейінгі ұйымның 140 қызметкері үшін 4 дәріс, 5 семинар және ерте дамудың заманауи әдістемелері бойынша 4 кеңес өткізді.