Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы Семей медициналық университетімен ынтымақтастыққа мүдделі

ҚР ПІБ Медициналық орталығы Семей медициналық университетімен ынтымақтастыққа мүдделі

ҚР ПІБ Медициналық орталығы Семей медициналық университетімен ынтымақтастыққа мүдделі ҚР ПІБ Медициналық орталығы Семей медициналық университетімен ынтымақтастыққа мүдделі ҚР ПІБ Медициналық орталығы Семей медициналық университетімен ынтымақтастыққа мүдделі ҚР ПІБ Медициналық орталығы Семей медициналық университетімен ынтымақтастыққа мүдделі ҚР ПІБ Медициналық орталығы Семей медициналық университетімен ынтымақтастыққа мүдделі

ҚР Президентің Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Семей медицина университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және Абай облысының медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков пен университет ректоры Алтай Дүсіпов қатысты.

Алексей Цой Семей жоғары оқу орнының отандық денсаулық сақтау саласына сапалы кадр даярлау ісіндегі маңызды орнын атап өтті. Денсаулық сақтау жүйесі үшін сапалы білім беру жүйесі қажет екенін жеткізді.

«Біздің Медициналық орталық үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді, осы салада Семей медицина университетімен ынтымақтастыққа мүдделіміз, өйткені бұл жердің үлкен ғылыми әлеуеті бар. Біз үшін Семей медициналық жоғары оқу орнының түлектері өзіндік бренд болып табылады. Бұл оқу орнынан нағыз мықты жас дәрігерлер шығады. ҚР ПІБ Медициналық орталығы – үлкен құрылым. Біздің міндетіміз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірлерге инновацияларды, жаңа технологияларды, оның ішінде білім беру технологияларды табу жолындағы ізденіске, оны енгізуге көмек көрсету. Біз үшін осы медициналық университетпен өзара іс-қимыл өте маңызды, өйткені денсаулық сақтаудың қалыпты жүйесі сапалы білім беру жүйесінсіз өмір сүре алмайды», - деді Алексей Цой.

Кездесу барысында ҚР ПІБ МО кәсіпорындары презентациялар жасады. Бір ғасырға жуық уақыт ішінде (90 жылдан астам) Президент Іс басқармасының Медициналық орталығы еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің беткеұстарына айналғаны айтылды.

Бүгінде Медорталық құрамында республиканың жетекші клиникалары - Астанадағы бірегей Ядролық медицина орталығы бар ПІБ МО ауруханасы және Алматыдағы Ұлттық госпиталь, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені, жақында референт зертхана мәртебесін алған бірегей Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың инновациялық тәжірибелерін қолданатын «Қарлығаш» балабақшалар желісі кіреді.

6 мыңға жуық жоғары білікті мамандар жұмыс істейтін ұйымдар Joint Commission International, ISO, GPP, IIac-mra стандарттарын иеленген, бұл халықаралық құзыреттіліктің айғағы болып табылады.

Іс-шара соңында Алексей Цой дәрігерлердің тұрақты даму мен ізденуге деген талпынысын бейнелейтін «Білім кітабы» монументінің ашылу рәсіміне қатысты.