Басты бетАстанада Қазақстанның химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін KAZTOX ұлттық жүйесін енгізу мәс...

Астанада Қазақстанның химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін KAZTOX ұлттық жүйесін енгізу мәселесі талқыланды

Астанада Қазақстанның химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін KAZTOX ұлттық жүйесін енгізу мәселесі талқыланды Астанада Қазақстанның химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін KAZTOX ұлттық жүйесін енгізу мәселесі талқыланды Астанада Қазақстанның химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін KAZTOX ұлттық жүйесін енгізу мәселесі талқыланды Астанада Қазақстанның химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін KAZTOX ұлттық жүйесін енгізу мәселесі талқыланды Астанада Қазақстанның химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін KAZTOX ұлттық жүйесін енгізу мәселесі талқыланды Астанада Қазақстанның химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін KAZTOX ұлттық жүйесін енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және KAZTOX Біріңғай ұлттық деректер базасын енгізу мәселелері бойынша кеңес өтті. Іс-шараның бастамашысы – ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы.

Кеңес денсаулық сақтау, қорғаныс, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, сондай-ақ экология және табиғи ресурстар министрліктерін қоса алғанда, негізгі мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктірді.

Кездесудің мақсаты —химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін әзірлеу. Бұл халықты және қоршаған ортаны қорғауды күшейтуге ықпал етеді.

«Соңғы жылдары Қазақстанда химиялық улану оқиғаларының саны артып келеді. Бірыңғай деректер базасының болмауы осындай жағдайларды бақылау мен алдын алуда қиындықтар тудырады», — деп атап өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, іс-шараның ашылуында.

Оның айтуынша, 2024 жылдың маусымында TOXBASE халықаралық базасына қолжетімділік беретін KazToxBase токсикологиялық ақпараттық орталығының ашылуы химиялық улануларды диагностикалау мен емдеуді жақсартуда елеулі рөл атқарды.

«Алайда тұрақты нәтижеге қол жеткізу үшін деректерді біріктіру және оларды бүкіл ел бойынша кешенді талдау қажет», — деп қосты А. Цой.

KAZTOX жүйесін енгізу химиялық заттар туралы ақпаратты жинау мен талдау тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өткен жөн. Бұл төтенше жағдайларға жедел әрекет етуді және медициналық мекемелер мен мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіруді жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жүйенің азаматтардың денсаулығын қорғауға және экологиялық қауіпсіздікті сақтауға ықпал ететін жаңа ұлттық қауіпсіздік стандарттарын әзірлеу және енгізу процесін де жеделдететіні күтілуде.