Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық ұйымдары арасында волейбол турнирі өтті.
Жарысқа Медициналық орталық, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы, ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы, Автошаруашылық, Инженерлік-техникалық орталық, «Бүркіт» авиакомпаниясы, «Бурабай Даму» кәсіпорны, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы, Қазқұрылысжүйесі, ҚР Президентінің Телерадиокешені, Іс Басқармасының орталық аппараты, сондай-ақ жарыс қонағы ретінде шақырылған Парламент аппараты қызметкерлерін қоса алғанда барлығы 13 команда қатысты.
Қиын тартыста Медициналық орталықтың құрамасы екінші орынға ие болып, басты жүлдені ӘҒД командасына берді.
Үшінші орын үшін өткен сайыста Автошаруашылық пен Қазқұрылысжүйесі командалары арасында додада Автошаруашылықтың жүргізушілері жеңіске жетті.
Шеберлігімен көзге түскен жекелей ойыншылар да назардан тыс қалған жоқ. Мирас Туляков «Үздік шабуылшы» атанса (ҚР ПІБ Автошаруашылығы), Владимир Табунщик «Үздік плеймейкер» (Қазқұрылысжүйесі) деп танылды. Ерлер арасында Нұржан Нұрғазиев «Үздік ойыншы» (Әкімшілік ғимараттар дирекциясы), нәзік жандылар арасында Алина Шефер «Үздік ойыншы» (Медорталық) атанды.
Бүгін ғана 55 жасқа қадам басқан ҚР ПІБ қызметкері Рахат Бекқадамов «Үздік ардагер ойыншы» аталымымен мараратталды.