ҚР ПІБ МО ауруханасында ботулинотерапия, яғни инсульттан кейінгі науқастардың ауырсынуын азайтуға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған заманауи емдеу әдісі жүргізіледі. Ми бақылауы бұзылғанда бұлшықеттерге шамадан тыс қысым түсіп, ауырсыну пайда болады және зақымдалған аяқтың қозғалысы шектеледі.
Бұлшықет босаңсытқыштары мен физиотерапия сияқты стандартты емдеу әдістері көбіне тиімді емес және оның бұлшықетті әлсіретіп, ұйқышылдық тудыратын жанама әсерлері болуы мүмкін.
Косметологияда кеңінен танымал ботулин токсині жүйке импульстарының бұлшықеттерге баруын тежеп, оларды уақытша босаңсытады. Бұл спастиканы азайтады, ауырсынуды басады және қозғалғыштығын жақсартады. Ботулинотерапия процедурасы көп уақытты қажет етпейді және препарат қажет бұлшықеттерге дәл енуі үшін УДЗ бақылауында жүзеге асырылады. Процедураның әсері 10-14 күннен кейін байқала бастайды және 3 айдан 6 айға дейін созылады, содан кейін қажет болған жағдайда процедураны қайталауға болады.
Ботулинотерапия – халықаралық клиникалық нұсқауларда спастиканы емдеу үшін ұсынылған қауіпсіз және тиімділігі жоғары әдіс. Сондай-ақ бұлшықет гипертонусын азайтып, ауырсынуды тоқтатады және пациентке күтім жасау жеңіл болады.