Гидропониканы пайдалану арқылы біздің тәрбиеленушілер өсімдіктерді топырақсыз, қоректік ерітінділер арқылы өсіру үдерісімен танысады. Осы әдіс балаларға өсімдіктердің табиғи жағдайда қалай өсіп, дамитынын бақылап, оларға күтім жасауды үйренуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде қоршаған ортаға деген жауапкершілік пен ұқыптылықты қалыптастыруға ықпал етуде.
Мұндай практикалық сабақтар балалардың экологиялық мәдениетін дамытып, биологияға деген қызығушылығын оятып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Гидропоника балалар үшін қызықты әрі пайдалы тәжірибе болып, экологиялық сауаттылықтың негізін қалап, әрі табиғатқа деген құрметті тәрбиелейді.
«Қарлығаш» балабақшасында гидропоника технологиясы арқылы балалар ғылыми зерттеудің алғашқы дағдыларын меңгереді. Олар күн сайын өсімдіктердің өзгерістерін бақылап, өз бақылауларын ортаға салып, алғашқы тәжірибелік жұмыстарын жүргізеді. Бұл олардың танымдық қабілеттерін арттырып қана қоймай, ғылымға деген сүйіспеншілікті оятады.