ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері 2024 жылғы 2-6 желтоқсан аралығында Жетісу облысында жалғасады.
Іс-шараның басты мақсаты – денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды іс жүзінде енгізу, ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін бөлісіп, тәжірибе алмасу, сондай-ақ облыстың медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту.
Делегация құрамында JCI, ISO, GLP, GMP (аллерголог, травматолог-ортопед, реабилитолог, аритмолог, эндокринолог, генетик, гастроэнтеролог, реаниматолог, кардиохирург, нейрохирург, онкохирург және т.б.) халықаралық стандарттарымен аккредиттелген ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханаларының дәрігерлері болады.
Білікті мамандар облыс тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетеді (операциялар мен консультациялар) және өңір мамандарымен әдіснамалық жұмыс жүргізеді. Талдықорған қаласының емдеу мекемелері базасында дәрістер, семинарлар мен практикалық шеберлік сағаттары жоспарланғанын айта кеткен жөн.
Ескерту! Дәрігер қабылдауына жазылу үшін өңірдегі медициналық мекемелердің тіркеу бөліміне (call-орталық) қоңырау шалу қажет.
Пациенттерді қабылдау кестесі:
2 желтоқсан күні
Талдықорған қалалық емханасында пациенттерді қабылдау:
● 10:30-14:00 – эндокринолог, Адамбекова Айгүл Социалқызы;
● 13:00-16:00 – травматолог, Қабдешев Асхат Қабдешұлы;
Облыстық перинаталдық орталықта:
● 14:00-18:00 – генетик-дәрігер, Гүлшара Жүсіпқызы Әбілдинова.
Облыстық кардиологиялық орталықта:
● 16:00-18:00 – аритмолог, профессор Абдрахманов Аян Сүлейменұлы.
3 желтоқсан күні
Талдықорған қалалық емханасында пациенттерді қабылдау:
● 10:30-14:00 – эндокринолог, Адамбекова Айгүл Социалқызы;
● 10:30-16:00 – гастроэнтеролог, Ысқақова Гаухар Бахтанқызы;
● 11:30-15:00 – пульмонолог, Рахметова Бибінұр Хақымғалиқызы.
Облыстық кардиологиялық орталықта:
● 16:00-18:00 – аритмолог, профессор Абдрахманов Аян Сүлейменұлы.
5 желтоқсан күні
Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында пациенттерді қабылдау:
● 13:00-16:00 – ангиохирург, Жуловчинов Максим Маратович.
Талдықорған қалалық емханасында пациенттерді қабылдау:
● 09:00-15:00 – геронтолог, Байкенова Әсемгүл Саятқызы;
● 10:30-16:00 – невропатолог, Мирзахметов Махмұт Мұратұлы.
6 желтоқсан күні
Талдықорған қалалық емханасында пациенттерді қабылдау:
● 09:00-15:00 – геронтолог, Байкенова Әсемгүл Саятқызы;
● 10:00-16:00 – аллерголог, Түсіпбекова Ғалия Марксқызы.
Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында пациенттерді қабылдау:
● 11:00-18:00 – эпилептолог, Кимадиев Дархан Байжанұлы.
Сондай-ақ, жоба аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен облыс әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарланған.
БАҚ өкілдері қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген телефон нөміріне хабарласа алады: +7 702 420 51 50.