Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының Жетісу облысындағы алғашқы жұмыс күнінің қорытындысы

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Жетісу облысындағы алғашқы жұмыс күнінің қорытындысы

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Жетісу облысындағы алғашқы жұмыс күнінің қорытындысы ҚР ПІБ Медициналық орталығының Жетісу облысындағы алғашқы жұмыс күнінің қорытындысы ҚР ПІБ Медициналық орталығының Жетісу облысындағы алғашқы жұмыс күнінің қорытындысы ҚР ПІБ Медициналық орталығының Жетісу облысындағы алғашқы жұмыс күнінің қорытындысы ҚР ПІБ Медициналық орталығының Жетісу облысындағы алғашқы жұмыс күнінің қорытындысы

ҚР ПІБ Медициналық орталығы делегациясы Жетісу облысына іссапармен келді. Жоспарланған 5 күнде жетекші мамандар күрделі операциялар жасап, пациенттерге тегін кеңес береді. Сондай-ақ аймақтағы медицина қызметкерлеріне дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізеді.

Делегация құрамында аллерголог, травматолог-ортопед, реабилитолог, аритмолог, эндокринолог, генетик, гастроэнтеролог, реаниматолог, кардиохирург, нейрохирург, онкохирург сынды ҚР ПІБ МО ауруханасының және Ұлттық госпитальдің тәжірибелі дәрігерлері, сонымен қатар Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының мамандары бар.

Жобаның негізгі мақсаты ҚР ПІБ Медициналық орталығы жүйесінің озық тәжірибесін өңірлердің практикалық денсаулық сақтау саласына трансферттеу екенін атап өткен жөн. Осылайша Медициналық орталық мамандары облыстық медицина қызметкерлеріне емдеу процесін ұйымдастырудың әртүрлі аспектілерін үйрете отырып, ынтымақтастықты дамыту арқылы жоғары технологиялық қызметтер мен емдеудің озық әдістерінің қолжетімділігін кеңейтуге ықпал етеді.

Алғашқы күні науқастарға 44 консультациялық көмек көрсетіліп, 1 дәріс оқылды және облыстың 103 дәрігеріне 3 презентация өткізіліп, 2 шеберлік сабағы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, жоғары санатты хирург дәрігерлер өңірде 11 операцияны сәтті аяқтады. Аталған операциялардың кейбірі аймақта алғаш рет жасалғанын айта кеткен жөн.

Мысалы, ҚР ПІБ МО ауруханасының жоғары санатты кардиохирургы Әлібек Тойбаев, анестезиолог-реаниматолог Гибарат Маданиев және перфузиолог-дәрігер Жәнібек Әшіровтан тұратын операциялық топ маммарокоронарлық шунттау операциясын сәтті жасады. Жүректің ишемиялық ауруын емдеудің «алтын стандартына» сәйкес келетін бұл кардиохирургиялық көмек аймақта хирургияның сапасын жақсартудағы маңызды қадам болып отыр.

Сонымен қатар, Медициналық орталық ауруханасының бас аритмологы, профессор Аян Әбдірахманов жүрек ырғағы бұзылған науқастарға крио және радиожиілікті абляция бойынша 5 операция жасады. Бұл процедуралар қалыпты жүрек ырғағын қалпына келтіруге және қауіп факторларын жоюға бағытталған.

Айта кетейік, 6 желтоқсанға дейін медициналық орталықтың жетекші мамандары емдеуге және консультацияға мұқтаж Жетісу облысының тұрғындарына тегін жоғары білікті медициналық көмек көрсетеді.

Жетісу облысы ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өткіп жатқан 14-ші аймақ. Бұған дейін еліміздің 13 облысында мамандар 250-ге жуық бірегей операцияны сәтті өткізді. Сондай-ақ 2,5 мыңнан астам пациентке консультациялық-диагностикалық және медициналық көмек көрсеттті.

Медициналық орталықтың қызметкерлері өңірлердегі 8 мыңнан астам әріптесіне 310-дан астам лекция, семинар және практикалық шеберлік сабақтарын өткізді.