Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің геронтологі Талдықорған қаласындағы ардагерлер ме...

ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің геронтологі Талдықорған қаласындағы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды

ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің геронтологі Талдықорған қаласындағы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің геронтологі Талдықорған қаласындағы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің геронтологі Талдықорған қаласындағы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің геронтологі Талдықорған қаласындағы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің геронтологі Талдықорған қаласындағы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің геронтологі Талдықорған қаласындағы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды

Жетісуда «ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының күндері» медициналық акциясы жалғасуда. Акция аясында ҚР ПІБ МО Ұлттық госпиталінің геронтологы Әсемгүл Байкенова Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Төлеубай Шектібаевтың және тыл еңбеккерлері Заманбек Сембинов пен Зоя Холинаның үйіне барды.

Жетісуда «ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» медициналық акциясы жалғасып жатыр. Акция аясында ҚР ПІБ МО Ұлттық госпиталінің геронтологі Әсемгүл Байкенова Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Төлеубай Шектібаев пен тыл еңбеккерлері Заманбек Сембинов пен Зоя Холинаның үйіне барды.

1943 жылы майданға аттанған Төлеубай Шектібаев сұрапыл соғыста жанқиярлықпен ерлік көрсетіп, Жеңіске өз үлесін қосты. Ол Беларусь майданында шайқасып, Балатон көлі маңындағы ұрыстарға қатысты. 1945 жылы Қиыр Шығыс майданында 83-атқыштар дивизиясының құрамында жапон басқыншыларына қарсы соғысып, азат ету ұрыстарына қатысқан. Батылдығы үшін ол I дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен және басқа да наградалармен марапатталды.

Кездесу барысында геронтолог-дәрігер ардагер мен тыл еңбеккерлерінің денсаулық жағдайын кешенді түрде тексеріп, олардың жас ерекшеліктеріне бейімделуіне, созылмалы аурулардың алдын алуға және өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты ұсыныстар айтты.

Әсемгүл Байкенова Талдықорған қалалық емханасында да қабылдау өткізді. Қабылдауға келгендердің қатарында тыл еңбеккерлері де болды.

«Мен геронтолог-дәрігердің қабылдауында болдым. Ол кісі жылы шырайлы, білікті маман екен. Мені мұқият тыңдап, пайдалы кеңестер берді. Шын жүректен алғыс айтамын. Біздің көп ғұмырымыз қалмаған шығар, бірақ лайықты қамқорлық пен көңілге мұқтажбыз», — деп ризашылығын білдірді тыл еңбеккері Галина Михайленко.
Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсету Президент Іс басқармасының қызметкерлері тарапынан тек акция аясында ғана емес, тұрақты түрде жүргізіледі. Әрбір ардагердің қамқорлық пен қолдауға ие болуын басты назарда ұстаймыз.

Мәселен, қараша айында Президент Іс басқармасының қызметкерлері 12 соғыс ардагеріне барып, сыйлықтар тапсырып, олардың ерліктеріне ризашылығын білдірді. Әрбір майдангерге қамқорлық пен қолдау көрсетілді.

«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» акциясы қарияларға медициналық көмек көрсете отырып, олардың ерлігін және құрметке лайық екенін еске салады. Ардагерлердің жанқиярлығы бүгінгі бейбіт өмірдің іргетасын қалады.