Басты бетЖетісу облысы әкімдігі мен ҚР ПІБ Медициналық орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жетісу облысы әкімдігі мен ҚР ПІБ Медициналық орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жетісу облысы әкімдігі мен ҚР ПІБ Медициналық орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Жетісу облысы әкімдігі мен ҚР ПІБ Медициналық орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Жетісу облысы әкімдігі мен ҚР ПІБ Медициналық орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жетісу облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой мен өңір әкімі Бейбіт Исабаев қол қойды.

Келісімнің арқасында аймақ тұрғындарына дәрігерлік кеңестер алу, санаторлық-курорттық емдеу және медициналық оңалту қызметтерін пайдалану мүмкіндігі беріледі.

Сондай-ақ, меморандум аясында өңірдің медициналық мекемелерінің қызметкерлерін инновациялық технологияларға оқыту, аурулардың алдын алу, диагностикалау, емдеу және оңалту саласында тәжірибе алмасу туралы келісім жасалды.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Медициналық орталықтың бұл бастамасын қолдай отырып, қол қойылған меморандумның болашақта өңірдің медицина саласының дамуына оң әсер ететінін атап өтті.

«ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой мырза бастаған кәсіби жоғары деңгейдегі ұжымға бастамашылдығы мен өңірлермен ынтымақтастық орнатуға деген ниеті үшін шынайы алғысымды білдіремін. Жетісу облысының денсаулық сақтау саласына қажетті мемлекеттік қолдау тұрақты түрде көрсетіліп келеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Ұлттың саулығы – мемлекеттің басты байлығы». Сол себепті біздің мақсатымыз ортақ», – деп атап өтті Б. Исабаев. Ол бұл ынтымақтастық Жетісу халқының денсаулығын жақсартуға және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Өз кезегінде ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой меморандумның тиімді диалогты дамытып, серіктестікті нығайтуда және ғылыми-тәжірибелік байланыстарды кеңейтуде жаңа белес ашатынына сенім білдірді.

«Біздің Медициналық орталық 90 жылдан астам уақыт бойы денсаулық сақтау жүйесінің көшбасшысы болып келеді. Ұйымымыз халықаралық Joint Commission International, ISO, GPP стандарттарына сәйкес келеді. Соңғы үш жылда 150-ге жуық жаңа технология енгізілді. Осы тәжірибені аймақтық әріптестерімізбен бөлісуге дайынбыз. Бұл меморандум біздің ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін», – деді Алексей Цой.

2 желтоқсаннан бастап Жетісу облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының Жетісудағы күндері» шарасы өтуде.

Орталықтың жетекші дәрігерлері шеберлік сабақтарын өткізіп, күрделі операциялар жасап, жергілікті тұрғындарға кеңес беріп, жаңа технологияларды енгізуге және ішкі медициналық туризмді дамытуға үлес қосуда.

5 күн ішінде мамандар 232 кеңес пен шеберлік сабағын өткізіп, 31 операция жасады. Оның 7-еуі бірегей операциялар болды. Сондай-ақ, 11 дәріс пен 193 тыңдаушыға арналған презентация ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Жетісу облысы ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өткіп жатқан 14-ші аймақ. Бұған дейін Медициналық орталықтың мамандары 13 облысты аралап, 250-ден астам операция жасап, 2,5 мыңнан астам пациентке кеңес беріп, 8 мың өңірлік дәрігерге арналған 310-нан астам дәріс, семинар және тәжірибелік шеберлік сабақтарын өткізген.

Акцияның негізгі мақсаты – ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының озық тәжірибесін өңірлерге тарату. Бұл бастама аймақтардағы жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және жергілікті мамандардың біліктілігін көтеруге бағытталған.