Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Жетісу облысының медицина қоғамдастығымен кезд...

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Жетісу облысының медицина қоғамдастығымен кездесу өткізді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Жетісу облысының медицина қоғамдастығымен кездесу өткізді ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Жетісу облысының медицина қоғамдастығымен кездесу өткізді ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Жетісу облысының медицина қоғамдастығымен кездесу өткізді ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Жетісу облысының медицина қоғамдастығымен кездесу өткізді ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Жетісу облысының медицина қоғамдастығымен кездесу өткізді ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Жетісу облысының медицина қоғамдастығымен кездесу өткізді ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Жетісу облысының медицина қоғамдастығымен кездесу өткізді ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Жетісу облысының медицина қоғамдастығымен кездесу өткізді ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Жетісу облысының медицина қоғамдастығымен кездесу өткізді ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Жетісу облысының медицина қоғамдастығымен кездесу өткізді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Жетісу облысының медицина қоғамдастығымен кездесу өткізді. Бұл кездесу Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында өтті. Оған Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев та қатысты.

Алексей Цой Медициналық орталық тарапынан «ҚР ПІБ Медициналық орталығының аймақтардағы күндері» акциясы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, оның өңірлік денсаулық сақтау жүйесін сапалы дамыту үшін ғылыми және инновациялық негіздерді нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Жетісу облысы әкімдігі мен Медициналық орталық арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын хабарлады. Бұл құжат өңір тұрғындарына жетекші дәрігерлердің кеңестеріне, санаторлық-курорттық емдеуге және медициналық оңалту қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, меморандум медициналық кадрларды оқытуда инновациялық технологиялар бойынша тәжірибе алмасу, аурулардың алдын алу, диагностика, емдеу және оңалту салаларын қамтиды.

«Меморандумымыздың мақсаты – мамандардың біліктілігін арттыруға басымдық беру, озық тәжірибе мен технологияларды меңгеруге көмектесу арқылы халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту. Құжат медициналық технологияларды дамыту саласындағы ынтымақтастыққа да мүмкіндік береді. Бұл стратегиялық әріптестік дәрігерлердің кәсіби өсуіне оң әсер етеді деп сенемін», – деді Алексей Цой.

Ол сондай-ақ Жетісу облысының медицина қоғамдастығының жоғары кәсібилігі мен белсенділігін, өңірдің медицина саласын дамытудағы кадрлық және инфрақұрылымдық әлеуетін атап өтті.

«Біздің мамандар Жетісу өңірінде 5 күн жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде біз 30-дан астам операция жасадық, оның 7-еуі ерекше және бірегей болды. Сонымен қатар, 193 медицина қызметкері білім беру және практикалық шараларға қатысты. Біз бұл ынтымақтастықтың нәтижелеріне ризамыз және Жетісу өңірімен алдағы уақытта да серіктестікті нығайтқымыз келеді. Барлық ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін», – деп түйіндеді ол.

Кездесу барысында ҚР ПІБ Медициналық орталығы кәсіпорындарының таныстырылымы өтті. 90 жылдық тарихы бар Медициналық орталық Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің көшбасшысы болып табылады.

Орталық құрамына осы мекемелер кіреді: Астанадағы ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы (оның ішіне бірегей Ядролық медицина орталығы); Алматыдағы Ұлттық госпиталь; «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені; референс-зертхана мәртебесіне ие Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы; инновациялық тәрбиелеу және оқыту әдістерін енгізетін «Қарлығаш» балабақшалар желісі.

Медициналық орталық ұйымдары Joint Commission International, ISO, GPP және басқа да стандарттармен расталған халықаралық деңгейде жоғары беделге ие.

Кездесуге дейін Алексей Цой Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының жұмысымен танысты. Ол пациенттермен кездесті, сондай-ақ медициналық мекеме ұжымымен тәжірибе алмасу және ынтымақтастық мәселелерін талқылады. ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысына аурухананың клиникалық және операциялық блоктарының, оның ішінде қарқынды терапия және оңалту бөлімшелерінің мүмкіндіктері көрсетілді.