Басты бетЖетісудағы ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері: Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар

Жетісудағы ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері: Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар

Жетісудағы ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері: Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар Жетісудағы ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері: Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар

2024 жылғы 2-6 желтоқсан аралығында Жетісу облысында «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» өтті. Осы іс-шара аясында «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері (оқу-әдістемелік жұмыс басқармасының әдіскерлері) Талдықорған қаласының 10 мектепке дейінгі ұйымдарына барып, 90-ға жуық педагогты тәжірибеге бағдарланған кеңеспен және шебер-сыныптармен қамтыды.

Әр кеңес заманауи мектепке дейінгі педагогиканың өзекті мәселелерін шешуге бағытталды. Сонымен, Куралай Тусупова ECERS-3 халықаралық сапаны бағалау шкаласы бойынша сертификатталған сарапшы балабақшада заттық-кеңістіктік даму ортасын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді.

Консультация барысында ұйымды қауіпсіздік және дамуды ынталандыру параметрлеріне сәйкес келетін жиһаздармен және ойын материалдарымен жарақтандыру мәселелері, сондай-ақ балалардың бастамашыл және еркін іс-әрекетіне ықпал ететін танымдық сабақтар мен ойындарды ұйымдастыру бойынша педагогтарға арналған әдістемелік ұсынымдар талқыланды.

Сингапур технологиялары бойынша сертификатталған маман Света Муралимова мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы инновациялық және дәстүрлі тәсілдермен ұштастыра отырып, сингапурлық әдістерді қолдану бойынша шебер сынып көрсетті.

Жетісу облысының педагогтарын кеңінен қамту үшін облыстық білім Басқармасы «Қарлығаш» балабақшасының» мамандардың қатысуымен семинар ұйымдастырды. Семинарға Жетісу облысының білім Басқармасының, облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты. Жетісу облысының педагогтері «Қарлығаш» балабақшаларында сәтті енгізілген озық әдістемелермен танысты. Жетісу облысының 160-қа жуық педагогы тәжірибелік кеңестермен және мастер-кластармен қамтылды.

Сапар соңында И. Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен және Жетісу облысының білім Басқармасымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

«Қарлығаш» балабақшасы» РМК мамандары ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндеріне үнемі және белсенді қатысып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға білім беру қолдауын ұсынады. Бұл ынтымақтастық тәжірибе алмасу, инновацияларды енгізу және өңірде мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.