Басты бетҰлттық госпиталь дәрігерлері Жетісуда 26 күрделі операция жасап, 190 пациентті қабылдады

Ұлттық госпиталь дәрігерлері Жетісуда 26 күрделі операция жасап, 190 пациентті қабылдады

Ұлттық госпиталь дәрігерлері Жетісуда 26 күрделі операция жасап, 190 пациентті қабылдады Ұлттық госпиталь дәрігерлері Жетісуда 26 күрделі операция жасап, 190 пациентті қабылдады

Жетісу облысында өткен «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері» акциясы аясында Ұлттық госпиталь мамандары 26 күрделі операция жасап, 190 пациентке кеңес берді. Сонымен қатар 150 медицина қызметкеріне 10 дәріс пен шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Бұл – екі жылдық елді аралау тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Медициналық топ құрамында: гинекология бөлімінің меңгерушісі Шолпан Әлиева, травматология бөлімінің меңгерушісі Асхат Қабдешев, нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Саршаев, хирургиялық қызмет жетекшісі Хасен Дасибеков, хирургия бөлімінің меңгерушісі Естай Абзалбек, хирургия бөлімінің аға дәрігері Әлия Усманова, урология бөлімінің меңгерушісі Айдар Бегалин, жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Әлен Қуанышбеков, ангиохирург Максим Жуловчинов, нейрохирург Мақсат Мұсабеков, гастроэнтеролог Гауһар Исақова, реаниматолог Фархат Халилов, невролог Махмұт Мырзахметов, эндокринолог Айгүл Адамбекова, пульмонолог Бибінұр Рахметова, геронтолог Әсемгүл Байменова, гинеколог Асқар Ибраев, хирург Ернұр Ахметов, онколог Ержан Кеңесбаев болды.

Кеңес алу үшін адамдар ұзақ кезекке тұрып, кейде емхана жабылғаннан кейін де қабылдауға ұмтылды. Мысалы, невролог Махмұт Мырзахметов бір күн ішінде 38 пациентті қарап үлгерді.

«Пациенттердің арасында туа біткен және жүре пайда болған неврологиялық патологиялар, ми ісіктері, жарықтар, қан тамырларының проблемалары бар жандар болды. Сирек кездесетін ауруларға шалдыққан пациенттер де келді. Мысалы, Вильсон-Коновалов ауруы – аяқ-қол және дененің еріксіз қозғалыстары, бұлшықет ригидтілігі, аффективті жарылыстар және психикалық бұзылулармен сипатталады. Сондай-ақ Арнольд-Киари аномалиясы бар науқастар да болды. Бұл кезде мишық бөліктері үлкен шүйде тесігі арқылы жұлын каналына төмен түседі.

Барлық пациенттерге қажетті көмек көрсетіліп, ұсыныстар берілді. Өкінішке қарай, өңірлерде мұндай сирек ауруларға шалдыққан науқастарға көмек көрсету мүмкіндігі шектеулі. Біз осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін ел аралап, операциялар жасаймыз, кеңестер береміз және әріптестерімізге дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткіземіз», – деді маман.

Екі жыл ішінде «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері» акциясы аясында дәрігерлер Қазақстанның барлық 14 облысын аралады. Жетісу – соңғы өңір. Бұған дейін мамандар 13 облыста 250-ден астам операция жасап, 2,5 мыңнан астам пациентке кеңес берді. Сондай-ақ 8 мыңнан астам дәрігерге 310-нан астам семинар мен шеберлік сабақтарын өткізді.