Басты бетПрезидент іс басқармасы Медорталығының дәрігерлері Талдықорғанда 30 операция жасады

Президент іс басқармасы Медорталығының дәрігерлері Талдықорғанда 30 операция жасады

Президент іс басқармасы Медорталығының дәрігерлері Талдықорғанда 30 операция жасады

Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы Медициналық орталығының дәрігерлері Талдықорғанда 30 операция жасады.

Оның жетеуі өте күрделі операция. Жоғары білікті эндокринолог, травматолог, генетиктер мен аритмолог, ангиохирургтар аймақтағы әріптестерімен тәжірибе алмасып, емдеудің озық әдістерін көрсетті. Астаналық мамандар үш күнде 11 рет дәріс өткізіп, 200-ден аса науқасқа консультациялық кеңес берді. Аталған мекеме қызметкерлері соңғы үш жылда 150 жаңа технологияны сынақтан өткізген. Озық үлгіні кеңінен тарату мақсатында, орталық пен облыстық әкімдік арасында меморандум жасалды. Енді қос тарап денсаулық сақтау саласын дамыту үшін өзара ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Алексей Цой, ҚР Президентінің  іс басқармасы Медициналық орталығының жетекшісі:

- Өңірлердегі әріптестерімізге медициналық практикалық көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз. Негізгі мақсатымыз – аймақтарға жаңа технологияларды кеңінен енгізу. Мәселен, Жетісу өңірінің тұрғындары облыстан сыртқа шықпай-ақ, күрделі медициналық көмекті енді жергілікті жерде алатын болады.

24.kz