Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері: «Оқжетпес» шипажайлар желісінің басшылығы кәсіподақ өкілд...

ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері: «Оқжетпес» шипажайлар желісінің басшылығы кәсіподақ өкілдерін жаңа оңалту бағдарламаларымен таныстырды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері: «Оқжетпес» шипажайлар желісінің басшылығы кәсіподақ өкілдерін жаңа оңалту бағдарламаларымен таныстырды ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері: «Оқжетпес» шипажайлар желісінің басшылығы кәсіподақ өкілдерін жаңа оңалту бағдарламаларымен таныстырды ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері: «Оқжетпес» шипажайлар желісінің басшылығы кәсіподақ өкілдерін жаңа оңалту бағдарламаларымен таныстырды ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері: «Оқжетпес» шипажайлар желісінің басшылығы кәсіподақ өкілдерін жаңа оңалту бағдарламаларымен таныстырды

Жетісу облысында 2-6 желтоқсан аралығында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» медициналық акциясы өтті. Іс-шараға дәстүрлі түрде «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешендерінің басшылары қатысты. Олар өңірдің кәсіподақ ұйымдарымен және медициналық қоғамдастығымен бірқатар кездесулер өткізіп, оңалту және сауықтыру бағдарламаларымен таныстырды.

Іс-шаралар аясында шипажай өкілдері санаторлы-курорттық желінің қызметі, сапасымен ғана емес, сонымен қатар жоғары білікті мамандардың, жоғары деңгейлі жабдықтардың, озық технологиялар мен сауықтыру және оңалту бағдарламаларының үйлесімі арқасында тиімді сауықтыруды қамтамасыз ету саласындағы мүмкіндіктері туралы айтып берді.

«Біздің басты міндетіміз — санаторийлеріміздің бірегей мүмкіндіктері туралы мүмкіндігінше егжей-тегжейлі таныстыру. Көп жылдық тәжірибе, дәстүрлер, жоғары кәсіби дәрігерлер және біздің таңғажайып табиғатымыз сауықтыру және оңалту жағынан керемет әсер береді. Бұдан бөлек, қызметтер маусымдық жеңілдіктермен барынша тиімді түрде ұсынылады», - деп атап өтті «Оқжетпес» ЕСК» АҚ президенті Яков Стерлигов.

Презентация қатысушылар тарапынан ерекше қызығушық тудырды. Талқылау барысында қойылған сұрақтар медициналық практикадағы жаңа технологияларға да, оңалту қызметтерін пайдаланудың практикалық аспектілеріне де қатысты болды.

Сапардың екінші бөлігінде «Almaty resort» шипажай филиалы директорының емдеу-оңалту жұмысы жөніндегі орынбасары Салтанат Бейсембаева «Senim» кәсіподақ ұйымының басшысы Айтқұлов Қуаныш мырзамен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар МО санаторийлерінде кәсіподақ қызметкерлерін сауықтыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ жеке сауықтыру бағдарламаларына қатысты мәселелерді талқылады.

Айта кетейік, «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» акциясын өткізудің барлық кезеңінде медициналық орталық делегациясының құрамында «Оқжетпес» санаторийлерінің өкілдері 14 өңірге барды. Олар 18-ден астам кездесу өткізіп, презентацияларда тыңдаушыларды қамту 500-ден астам адамды құрады, олардың арасында 20-дан астам кәсіподақ ұйымдарының өкілдері болды.