ҚП ПІБ Медициналық орталығының ауруханасындағы Ядролық медицина орталығы ПЭТ/КТ зерттеулері үшін 18F-FET (фторэтилтиозоксазол) радиофармпрепаратын өндіруді іске қосты, деп хабарлайды Time.kz.
Бұл инновациялық препарат нейроонкология саласында жаңа мүмкіндіктер ашып, ми ісіктерін дәл анықтауға және олардың белсенділігін бағалауға мүмкіндік береді.
18F-FET радиофармпрепаратының негізгі артықшылықтары – диагностиканың жоғары нақтылығы, тіндерге тез енуі, ісіктің биологиялық белсенділігін анықтау мүмкіндігі және аурудың даму динамикасын бақылау.
«18F-FET препаратын клиникалық тәжірибеге енгізу ПІБ Медициналық орталығының ауруханасындағы Ядролық медицина орталығы үшін нейроонкологиялық аурулармен күресте маңызды қадам болып табылады. Заманауи жабдықтардың арқасында және әр пациентке жеке тәсіл қолдану арқылы мамандар ми ісіктерін диагностикалау тиімділігін арттырып, науқастардың өмір сапасын жақсарта алады», – деді Ядролық медицина орталығының басшысы, медицина ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова.
Толық ақпаратты сілтемеге өту арқылы оқуға болады.