Басты бетҚР ПІБ Спартакиаданың қорытындысы: Медициналық орталық командасы ең мықты деп танылды

ҚР ПІБ Спартакиаданың қорытындысы: Медициналық орталық командасы ең мықты деп танылды

ҚР ПІБ Спартакиаданың қорытындысы: Медициналық орталық командасы ең мықты деп танылды ҚР ПІБ Спартакиаданың қорытындысы: Медициналық орталық командасы ең мықты деп танылды ҚР ПІБ Спартакиаданың қорытындысы: Медициналық орталық командасы ең мықты деп танылды

ҚР ПІБ 2024 жылғы Спартакиаданың үздік спортшыларын, командаларын және ұйымдастырушыларын марапаттады. Жыл бойы ПІБ-нің орталық аппараты мен ведомстволық ұйымдарының ұжымдары 7 спорт түрінен жарыстарға қатысты.

Жалпы есепте Медициналық орталықтың командасы көш бастады. Олар мини-футбол мен үстел теннисі бойынша турнирлерде жеңіске жетіп, сондай-ақ волейбол, тоғызқұмалақ және бильярд бойынша жүлделі орындарға ие болып, 12 ұпай жинады.

Екінші орынды Әкімшілік ғимараттар дирекциясының командасы иеленсе, үшінші орынды Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының қызметкерлері алды.

Марапаттау салтанатында Медорталық ұжымына ауыспалы кубок табысталды.

«Қызметкерлеріміздің спортпен айналысуына жағдай жасау – біз үшін маңызды. Дене белсенділігі денсаулықты нығайтып, еңбекке деген ынтаны арттырады. Ал Спартакиада ұжымдардың бірлігін күшейтіп, корпоративтік мәдениетті дамытуға ықпал етеді», – деді ҚР ПІБ аппаратының басшысы Серік Кенжебаев.

Сонымен қатар, Медициналық орталықтың ауруханасының жетекші маманы Гүлжан Искақова бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Спартакиаданың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыс білдіріп, келесі жылы бағдарламаны кеңейтіп, жаңа спорт түрлерін қосу туралы ұсыныстарын жеткізді.