ҚР ПІБ Медициналық орталығының делегациясы Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барды.
Сапардың мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайту, медициналық технологиялар мен басқару саласындағы тәжірибе алмасу. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы мен Өзбекстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Жоғарғы медициналық басқармасы арасындағы бірлескен перспективалық жобаларды талқылау.
Сапар аясында Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының жетекшісі Алексей Цой мен Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбит Атамқұловтың Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі Асылбек Худаяровпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар медициналық көмек көрсету мен медициналық мекемелерді басқару саласындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін және ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Өзбекстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Жоғарғы медициналық басқармасы үшін медициналық кадрларды даярлауға арналған бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, сапар аясында Медициналық орталық делегациясы Ташкенттегі Өзбекстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Жоғарғы медициналық басқармасының Орталық консультативті-диагностикалық поликлиникасы №1 және Орталық клиникалық аурухана №1 медициналық мекемелерін аралап, олардың жұмысымен танысты. Делегация медицина қызметкерлерінің жұмысында инновацияларды енгізу тәжірибесін де зерттеді.