ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цойдың жетекшілігімен делегация Ташкентке жұмыс сапары барысында Өзбекстан Республикасының жетекші медициналық және білім беру мекемелеріне барды.
Делегация Өзбекстандағы онкологиялық ауруларды емдеу мен диагностикалау бойынша алдыңғы қатарлы мекеме – Республикалық мамандандырылған ғылыми-тәжірибелік онкология және радиология орталығының жұмысын зерттеді. Негізгі назар радиотерапияның инновациялық әдістеріне, молекулалық диагностиканың мүмкіндіктеріне және таргеттелген терапияны қолдануға аударылды.
Алексей Цой орталық мамандарының жоғары деңгейін және ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Ядролық медицина орталығымен серіктестік қарым-қатынастарды дамыту мүмкіндігін атап өтті.
Ташкент медициналық академиясында делегация академия басшылығымен және оқытушыларымен кездесіп, білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобалармен танысты. Академия Өзбекстандағы медициналық білім беру саласындағы жетекші оқу орны болып табылады және медициналық кадрларды оқытудың заманауи әдістерін белсенді түрде енгізуде.
Сондай-ақ, делегация академияның студенттер мен медицина қызметкерлеріне жаңа диагностикалық және емдеу әдістерін үйретуге арналған симуляциялық орталығының жұмысымен танысты.