Басты бет2024 жылы ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері 15 мыңнан астам ота жасады

2024 жылы ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері 15 мыңнан астам ота жасады

2024 жылы ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері 15 мыңнан астам ота жасады 2024 жылы ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері 15 мыңнан астам ота жасады 2024 жылы ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері 15 мыңнан астам ота жасады 2024 жылы ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері 15 мыңнан астам ота жасады 2024 жылы ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері 15 мыңнан астам ота жасады 2024 жылы ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері 15 мыңнан астам ота жасады 2024 жылы ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері 15 мыңнан астам ота жасады

Астана қаласында ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы 2024 жылғы жұмысының қорытындысын шығарып, алдағы жылдарға арналған басымдықтарын айқындады. Бұл мәселелер кеңейтілген алқа отырысында қаралды.

Отырысқа ҚР Президенті Іс басқармасы басшысының орынбасары Рустам Баялиев, ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой, сондай-ақ Медициналық орталықтың қарасты ұйымдарының жетекшілері мен мамандары қатысты.

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының 2024 жылғы қызметінің қорытындысын жасай отырып, Рустам Баялиев жетістіктерге егжей-тегжейлі тоқталып, 2025 жылға арналған негізгі бағыттарды атап өтті. Мәселен, 2024 жылы 72 жаңа технология енгізілді, оның ішінде үш инновациялық радиофармпрепарат, олар қатерлі ісікті ерте сатысында диагностикалауға мүмкіндік береді.

Медициналық мекемелерде 31 мыңнан астам науқас емделіп, 15 мыңнан аса ота жасалды. Ал шипажайларда 45 мыңнан астам адам сауықтыру курсынан өтті. Халықтың игілігі үшін жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген білікті мамандарға ерекше назар аударылды.

«Адам ресурстарын тиімді басқару – ұйымның табысты жұмысының негізгі аспектісі. Жоғары технологиялық жабдықтармен қатар, дәрігерлеріміз бен жүйе қызметкерлерінің кәсібилігі біздің кәсіпорындарды сала көшбасшыларына айналдыруда. Сіздердің ерен еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін!» – деп атап өтті ҚР Президенті Іс басқармасы басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, ол инновацияларды енгізу және қызмет көрсету сапасын арттыру жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бергенін айтты. 2025 жылға басымдықтардың қатарында – басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында CRM мен ЕМИС-ті енгізуді аяқтау, шипажайлар желісін кеңейту және медициналық көмектің жаңа бағыттарын дамыту.

Өз кезегінде, Медициналық орталықтың басшысы Алексей Цой цифрлық технологиялар мен IT-архитектураны енгізу, медициналық туризмді дамыту, сондай-ақ пациенттерге әлемдік стандарттарға сай жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ол 2025 жылға арналған жоспарларды ұсынып, халықаралық және өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға, инновациялық медициналық технологияларды трансферттеуге және аймақтарда медицина қызметкерлерін оқыту арқылы тәжірибе алмасуға назар аударды.

2024 жылы ҚР Медициналық орталығының негізгі жетістіктері:

  • «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері» акциясы аясында 180 операция жасалып, 1 668 пациентке көмек көрсетілді, 7 аймақта 6 233 медицина қызметкері оқытылды.
  • МО ауруханада 10 000-нан астам операция жасалып, 23 000 науқас емделді, 3 жаңа радиофармпрепарат енгізіліп, инвазивті емес пренаталдық тест енгізілді.
  • Ұлттық госпиталь 4 768 операция жасап, JCI-дің төртінші аккредитациясын алды.
  • «Оқжетпес» шипажайлары 45 000 адамды, соның ішінде 3 686 шетелдік азаматты қабылдады.
  • Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында 1,4 млн-нан астам зерттеу жүргізіліп, диоксиндерді талдау зертханасы құрылды.
  • Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында 3 200-ден астам маманды оқытып, 90 оқу іс-шарасын өткізді.
  • «Қарлығаш» балабақшасында «Бастау» білім беру бағдарламасы енгізілді.

 

2025 жылы ҚР ПІБ Медициналық орталығы инновациялық технологияларды дамыту, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және инновациялық медициналық технологияларды трансферттеу бойынша жұмысты жалғастырады.