Басты бетҚР ПІБ МО ауруханасының нейрохирургі мойамойа дертіне шалдыққан пациентке күрделі операция жасады

ҚР ПІБ МО ауруханасының нейрохирургі мойамойа дертіне шалдыққан пациентке күрделі операция жасады

ҚР ПІБ МО ауруханасының нейрохирургі мойамойа дертіне шалдыққан пациентке күрделі операция жасады ҚР ПІБ МО ауруханасының нейрохирургі мойамойа дертіне шалдыққан пациентке күрделі операция жасады ҚР ПІБ МО ауруханасының нейрохирургі мойамойа дертіне шалдыққан пациентке күрделі операция жасады ҚР ПІБ МО ауруханасының нейрохирургі мойамойа дертіне шалдыққан пациентке күрделі операция жасады

ҚР ПІБ МО ауруханасының нейрохирург-дәрігерлерінің көмегіне жүгінген пациенттің 11 жасынан бастап басы айналып, ауырып, талып қалу жағдайлары жиілеген. Алған емі уақытша ғана әсер етіп, жағдайы толықтай жақсармаған. Осыған байланысты 2024 жылғы қазан айында пациенттің миына МРТ жасалып, қорытындысы сол жақ ми ортасындағы артерияның М1 және М2 сегменттерінде окклюзия (тұйықталу) бар екені анықталған.

Пациент толық тексерістен өткеннен кейін, оның миына нейрохирург-дәрігер Абылай Серікбай күрделі операция жасады. Операция барысында ми тамырларындағы қиындықтар анықталып, дәрігердің біліктілігі мен білімінің арқасында бәрі сәтті аяқталды. Қазір пациенттің жағдайы айтарлықтай жақсарып, ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

Мойамойа синдромы немесе ауруы дегеніміз – ішкі ұйқы артерияларының ми ішіндегі бөлімдерінің созылмалы окклюзиялық-стенозды патологиясы. Бұл ауруда ішкі ұйқы артерияларының басты тармақтары, атап айтқанда М1 және М2 сегменттері тарыла бастайды немесе толығымен бітеліп қалады. Салдарынан миға қан жеткілікті түрде бармайды, бұл ми ішінде қосымша қантамырлардың (collateral) пайда болуына әкеледі. Осы қосымша қантамырлардың дамуы ми функцияларын сақтап қалуға көмектесуге тырысады, бірақ бұл процесс толыққанды шешім болмайды, уақыт өте келе миға қан жетпеуі мүмкін. Бұл ауру асқына берсе бас ауруы жиілеп, бас айналу мен талып қалуға, сонымен қатар инсультқа әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан дұрыс диагностика мен уақытында ем алу өте маңызды.