Басты бетТолық геномдық секвенирлеу: Бұл не? Кімге және қандай жағдайда қажет?

Толық геномдық секвенирлеу: Бұл не? Кімге және қандай жағдайда қажет?

Толық геномдық секвенирлеу: Бұл не? Кімге және қандай жағдайда қажет? Толық геномдық секвенирлеу: Бұл не? Кімге және қандай жағдайда қажет? Толық геномдық секвенирлеу: Бұл не? Кімге және қандай жағдайда қажет? Толық геномдық секвенирлеу: Бұл не? Кімге және қандай жағдайда қажет? Толық геномдық секвенирлеу: Бұл не? Кімге және қандай жағдайда қажет?

Толық геномдық секвенирлеу (WGS – Whole Genome Sequencing) – бұл белгілі бір организмнің барлық ДНҚ-сын талдауға мүмкіндік беретін әдіс. Ол бактерия, вирус, өсімдік, жануар немесе адам болсын, кез келген тірі организмнің толық ДНҚ тізбегін анықтауға көмектеседі. Бұл әдіс медицина, азық-түлік өнеркәсібі және биотехнология салаларында кең мүмкіндіктер ашады.

ПРОЦЕСС БІРНЕШЕ КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ

• Үлгіден ДНҚ алу.

• Секвенирлеуге арналған ДНҚ фрагменттері кітапханасын дайындау.

• Секвенирлеу – нуклеотидтік тізбекті анықтау.

• Биоинформатикалық талдау – геномды құрастыру, мутацияларды анықтау, референстік тізбектермен салыстыру.

ҚАЙ САЛАДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

• Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

• Медицина

• Эпидемиологиялық және инфекциялық бақылау

• Биотехнология және агрономия

КІМГЕ ЖӘНЕ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА WGS ҚАЖЕТ?

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау зертханаларына – патогендерді дәл анықтау және ауру ошақтарын анықтау үшін.

Азық-түлік өнімдерін өндірушілерге – өнімдердің қауіпсіздігін бақылау үшін.

Генетик-дәрігерлер мен онкологтарге – жекелендірілген диагностика жүргізу және емдеуді таңдау үшін.

Ғылыми орталықтар мен зерттеу ұйымдарына – организмдердің генетикалық әртүрлілігі мен эволюциясын зерттеу үшін.

WGS ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Деректердің толықтығы – бүкіл геном талданады, жеке учаскелер ғана емес.

Жоғары дәлдік – сирек кездесетін мутациялар мен генетикалық вариацияларды анықтауға мүмкіндік береді.

Әмбебаптық – медицина, биология, азық-түлік өнеркәсібі және басқа да салаларда қолданылады.

Жылдам нәтижелер – Ion S5 сияқты заманауи платформалар деректерді тиімді өңдеуді қамтамасыз етеді.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы жоғары дәлдікпен және қысқа мерзімде секвенирлеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Ion GeneStudio S5 жүйесін қолданады, бұл оны молекулалық-генетикалық зерттеулер үшін таптырмас құралға айналдырады.