
ҚР ПІБ МО басшысы Алексей Цой ҚР ПІБ МО «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ президенті Ернұр Дәуеновты таныстырды.
Ернұр Дәуенов 2009 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша аяқтады. Тарих ғылымдарының магистрі. 2015 жылы Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетін «Биология» мамандығы бойынша бітірді. 2024 жылы философия докторы (PhD) дәрежесін алды.
Еңбек жолын С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде орта деңгейлі зертханашы болып бастады.
2008 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Этнология, мәдениеттану және археология кафедрасында орта деңгейлі зертханашы қызметін атқарды.
2008-2011 жылдар аралығында Павлодар қ. Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатында тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2012 жылы Астана қ. дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары болды.
2012-2013 жылдар аралығында Павлодар қ. «Ертіс дарыны» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының зертхана меңгерушісі.
2013 пен 2014 жылдары Павлодар облыстық білім басқармасында тәрбие жұмысы жөніндегі бас маман қызметін атқарды.
2014-2015 жылдары Павлодар облысы, Шарбақты ауданының білім бөлімінде басшының орынбасары.
2015 пен 2016 жылдары Павлодар облысы, Баянауыл ауданының білім бөлімін басқарды.
2016 мен 2017 жылдары Павлодар облысының білім басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2017-2019 жылдары Павлодар облысы ішкі саясат басқармасын басқарды.
2019-2020 жылдар аралығында Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болды.
2020 мен 2022 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары.
2022-2025 жылдары аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Алексей Цой жаңа басшыны ұжымға таныстырып, жұмыста сәттілік пен жоғары жетістіктер тіледі.