Басты бетМедиашығармашылықты бала кезден дамыту: «Қарлығаш» балабақшасында республикалық семинар өтті

Медиашығармашылықты бала кезден дамыту: «Қарлығаш» балабақшасында республикалық семинар өтті

Медиашығармашылықты бала кезден дамыту: «Қарлығаш» балабақшасында республикалық семинар өтті Медиашығармашылықты бала кезден дамыту: «Қарлығаш» балабақшасында республикалық семинар өтті Медиашығармашылықты бала кезден дамыту: «Қарлығаш» балабақшасында республикалық семинар өтті Медиашығармашылықты бала кезден дамыту: «Қарлығаш» балабақшасында республикалық семинар өтті Медиашығармашылықты бала кезден дамыту: «Қарлығаш» балабақшасында республикалық семинар өтті Медиашығармашылықты бала кезден дамыту: «Қарлығаш» балабақшасында республикалық семинар өтті

ҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты «Қарлығаш» балабақшасында «Балабақшадағы медиашығармашылық» атты республикалық семинар өтті. Семинар медиамен өзара іс-қимыл мәдениетін тәрбиелеу «Қарлығаш» балабақшасында білім беру процесін ұйымдастырудың маңызды аспектісі болып табылатынын көрсетті. Бұл бағыт ерте жастан бастап балаларда сыни көзқарас қалыптастыруға, ақпараттық сауаттылықты және медиа кеңістіктегі қауіпсіз мінез-құлықты дамытуға ықпал етеді.

Іс-шараға Қостанай және Жетісу облыстарының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты. Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институты мектепке дейінгі білім беру сапасын мониторингілеу және бағалау департаментінің басшысы Гульмира Тюлюбаева, Мектепке дейінгі білім беру мазмұны  басқармасының басшысы Бағым  Куптлеуова, Мектепке дейінгі білім беру мазмұны басқармасының бас сарапшылары  Манап Ындыбаева мен Лада Барон  болды.

Бағдарлама аясында қатысушылар балалардың шығармашылық қойылымдарын, жобалар мен ойындарды тамашалап, балабақшадағы заманауи медиа мен цифрлық шешімдердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ықпалын зерделеді. Қатысушылар назарына балалардың қатысуымен мюзиклдер, хореография, физикалық тәжірибелер көрсетілді. Ал «Дамыту жабдықтары» көрмесінде I-SANA TECH, IT Step School, Cyberhub Astana және басқа компаниялардың интерактивті құрал-жабдықтары ұсынылды. Жиналғандар «BILIM MEET UP» форматындағы панельдік сессиялар мен шебер-сыныптарға қатысып, Chroma key, голограмма, TikTok, QR-код және мультстудия технологияларын қолдана отырып ұйымдастырылған  тәжірибелік сабақтарға қатысты.

Семинар аясында Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейiнгi және орта білім беру комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бағым Әбубәкірқызы министрлікте қабылданған жаңа заңнамалар мен мектепке дейінгі орта білім беруге қатысты жаңалықтармен бөлісті. «BILIM MEET UP» форматындағы мастер-кластарда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ педагогика кафедрасының доценті Қуаныш Теміров және  өңірлерден қатысушы мамандар  баланың дамуына қатысты  озық тәжірибелерін ортаға салса, «Қарлығаш» балабақшасы №1 нысан меңгерушісі, п.ғ.к.,  доцент Айгүл Стыбаева «Балабақшадағы цифрлық шешімдер: теориядан тәжірибеге» жұмысымен таныстырып өтті. 

ҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты «Қарлығаш» балабақшасы алаңында өткен семинар барысында медиашығармашылық алаңы, жасанды интеллект және заманауи білім берудегі жаңа технологияларды қолдану тәжірибемізбен бөлістік. Бұл – педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру, білім беру сапасын арттыруға арналған құнды қадам болмақ. Шара мектепке дейінгі білім беру жүйесіне заманауи құралдарды енгізу мен шығармашылық әлеуетті арттыру бағытында маңызды алаңға айналды деп сенемін, -деп атап өтті «Қарлығаш» балабақшасының директоры Гүлшат Онланбекқызы.