




ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы да растап, JCI (Joint Commission International) аккредиттеу рәсімінен сәтті өтті.
JCI аккредиттеуі – денсаулық сақтау саласындағы ең объективті және беделді халықаралық сертификат, ол сапаның «алтын стандарты» саналады және медициналық ұйымның халықаралық медициналық және әкімшілік стандарттарға, сондай-ақ пациент қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық мақсаттарға сәйкестігін растайды.
Медорталық ауруханасы пациент қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, медициналық қызмет сапасын халықаралық талаптарға сай үздіксіз жақсартып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.
АҚШ-тан келген JCI халықаралық сараптамалық комиссиясы жүргізген аудит клиниканың дәрігерлері мен мейіргерлерінің кәсіби біліктілігі жоғары екенін растады. Клиниканың 1100 -ден астам қосымша көрсеткіші – ұйымдағы барлық бөлім мен процесс, дәрігердің емдеуі мен мейірбике күтімінен бастап ғимараттың қауіпсіздігі, инфекциялық бақылау, дәрі-дәрмекті қолдану, пациенттің құқығын сақтау, кадрлармен қамтамасыз етілуіне дейін JCI стандарттары бойынша бағаланады.
Бүгінгі таңда әлемнің 60-тан астам елінде 1000-нан аса мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйым JCI стандарттары бойынша аккредитациядан өткен, олардың қатарында ҚР ПІБ МО ауруханасы да бар. Аурухана алғашқы аккредитациясын 2016 жылы алып, медициналық қызмет сапасын 2019, 2022 және 2025 жылдары сәтті растады.