Басты бетӘзірбайжан Республикасының Арнайы медициналық қызметінің өкілдерімен кездесу

Әзірбайжан Республикасының Арнайы медициналық қызметінің өкілдерімен кездесу

Әзірбайжан Республикасының Арнайы медициналық қызметінің өкілдерімен кездесу Әзірбайжан Республикасының Арнайы медициналық қызметінің өкілдерімен кездесу Әзірбайжан Республикасының Арнайы медициналық қызметінің өкілдерімен кездесу Әзірбайжан Республикасының Арнайы медициналық қызметінің өкілдерімен кездесу Әзірбайжан Республикасының Арнайы медициналық қызметінің өкілдерімен кездесу

Әзірбайжан Республикасының Арнайы медициналық қызметінің өкілдері ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында болды. Кездесу барысында денсаулық сақтау және тәжірибе алмасу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағыттары талқыланды.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой МО ауруханасының халықаралық стандарттарға сәйкес жобаланған еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде жетекші орынға ие бірегей көпсалалы ғылыми-клиникалық орталық екендігіне тоқталды. Сондай-ақ Медициналық орталық шетелдік серіктестермен ынтымақтастық орнатып, клиникалық тәжірибе алмасу, білім беру қызметтері мен технологиялар трансферіне дайын екендігін атап өтті.

Ресми бөлімнен кейін делегация аурухананың негізгі бөлімдері – Check-up бөлімшесі, Ядролық медицина орталығы, ОАРИТ, диагностикалық блок (КТ және МРТ), клиникалық-фармакологиялық бөлім, қалпына келтіру және қарқынды терапия блогтарының жұмысымен танысты.

Әзірбайжан Республикасы Арнайы медициналық қызметі бастығының орынбасары Мамук Мамедов ҚР ПІБ МО ауруханасын жарақтандыру деңгейін жоғары бағалап, Әзірбайжан тарапының озық медициналық тәжірибе алмасу, инновациялық шешімдерді енгізу, және т. б. салалардағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін атап өтті.