Басты бетМедициналық орталықта халықаралық сапа стандарттары сәйкестігіне аудит өтуде

Медициналық орталықта халықаралық сапа стандарттары сәйкестігіне аудит өтуде

Медициналық орталықта халықаралық сапа стандарттары сәйкестігіне аудит өтуде Медициналық орталықта халықаралық сапа стандарттары сәйкестігіне аудит өтуде Медициналық орталықта халықаралық сапа стандарттары сәйкестігіне аудит өтуде Медициналық орталықта халықаралық сапа стандарттары сәйкестігіне аудит өтуде

ҚР ПІБ Медициналық орталығында ISO 9001:2015 халықаралық стандарты талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында сапа менеджменті жүйесіне (СМЖ) жүргізілетін аудиттің бірінші кезеңі аяқталды. Аудитті сертификаттау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Bureau Veritas Certification Holding компаниясы жүргізуде.

ISO 9001:2015 – бұл ұйымның сапа менеджменті жүйесінің тиімділігі мен тұрақтылығын бағалауға бағытталған халықаралық деңгейде мойындалған стандарт.

Аудиттің бірінші кезеңінде сарапшылар Медициналық орталықта енгізілген СМЖ құжаттамасын тексерді. Нәтижесінде қызметкерлер мен басшылықтың сапа менеджменті жүйесін халықаралық деңгейде қолдауға жоғары деңгейде қатысқаны, сондай-ақ сапа саласындағы мақсаттардың нақты қойылғандығы, жүйелі түрде орындалатыны атап өтілді.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша аудиторлар тарапынан тексерудің екінші кезеңіне өту ұсынды. Бұл ретте құжаттамадан бөлек, СМЖ стандарттарының Медициналық орталық қызметінде практикалық түрде іске асырылуы бағаланатын болады.