





Кездесу барысында FutureMED ventures KZ қызметінің бағыттары және денсаулық сақтаудағы цифрлық медицина, дербестендірілген терапия, биотехнология және жасанды интеллект салаларындағы негізгі жобалар ұсынылды.
Делегация құрамында: Hidden Valley Ventures серіктесі Закари Ломис, HKX Capital венчурлық серіктесі Чарльз Регис, NovaMed басқарушы серіктесі Дэвид Уолкотт, Pappas Capital басқарушы серіктесі Николас Паппас, Futuremed Ventures басқарушы серіктесі Алмас Кенесары. Бүгінгі күні компания Қазақстанның бірқатар жетекші медициналық мекемелерімен ынтымақтасады.
Тараптар ынтымақтастықтың перспективалары мен бағыттарын, атап айтқанда клиникалық практикаға инновациялық шешімдерді енгізу мен бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларының әлеуетін талқылады. Медициналық шешімдерді қолдауға, тасымалданатын медициналық құрылғыларды пайдалануға және медициналық персоналдың біліктілігін арттыру үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеуге арналған цифрлық шешімдерге ерекше назар аударылды.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой өз кезегінде медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыру үшін заманауи шешімдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу аясында пікір алмасу жүріп, ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары қарастырылды.
FutureMED Ventures KZ делегациясының сапары аясында превентивті медицина бөлімшесінің, геномдық медицина зертханасының, КТ мен МРТ, клиникалық-фармакологиялық бөлім мен реабилитация секторының жұмысы таныстырылды.