Басты бетМедициналық орталық ISO 9001:2015 стандартына сәйкестігін сертификаттау аудитінен сәтті өтті

Медициналық орталық ISO 9001:2015 стандартына сәйкестігін сертификаттау аудитінен сәтті өтті

Медициналық орталық ISO 9001:2015 стандартына сәйкестігін сертификаттау аудитінен сәтті өтті Медициналық орталық ISO 9001:2015 стандартына сәйкестігін сертификаттау аудитінен сәтті өтті Медициналық орталық ISO 9001:2015 стандартына сәйкестігін сертификаттау аудитінен сәтті өтті Медициналық орталық ISO 9001:2015 стандартына сәйкестігін сертификаттау аудитінен сәтті өтті Медициналық орталық ISO 9001:2015 стандартына сәйкестігін сертификаттау аудитінен сәтті өтті

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкестігін растайтын сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) аудитінің екінші кезеңі сәтті аяқталды. Аудитті әлемдегі жетекші сертификаттау ұйымдарының бірі – Bureau Veritas Certification Holding жүргізді.

ISO 9001:2015 – ұйымдағы сапа менеджменті жүйесінің тиімділігі мен тұрақтылығын бағалайтын халықаралық деңгейде танылған стандарт.

- Медициналық орталық мемлекеттік органның міндетін орындай отырып, ауруханалардың, шипажайлардың және балабақша тәрбиеленушілерінің мүддесін әрқашан бірінші орынға қояды. Тұтынушылардың сұранысын негізге алу сынды сапа менеджменті принциптерін енгізе отырып, біз жұмысымызды үздік басқару тәжірибелеріне бағыттап, байыптай бастадық. Бүгін біз сапа менеджменті жүйесін дамытудың кезекті маңызды кезеңі – сертификаттық аудиттен өтуге келдік, - деп атап өтті Медициналық орталық басшысы Алексей Цой.

Аудиттің екі кезеңінің нәтижелері бойынша Медициналық орталықтың сапа менеджменті жүйесі Bureau Veritas Certification Holding уәкілетті органымен сертификаттауға ұсынылды.

ISO 9001: 2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестік сертификаты ішкі процестерді одан әрі жетілдіру үшін негіз болады және медициналық орталықтың жоғары сапа стандарттарына бейілділігін растайды.