






ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында FutureMED Ventures KZ делегациясымен кездесу өтті. FutureMED Ventures – медицина және биотехнология салаларындағы инновациялық жобаларға инвестиция салатын америкалық венчурлық қор. Кездесудің мақсаты – әріптестік орнату және ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылау.
Делегация құрамында халықаралық сарапшылар мен инвесторлар: Кристофер Никсон Кокс, Дэвид С. Тьюки, Том Росс және басқарушы серіктес Алмас Кенесары. Қонақтар компанияның негізгі бағыттарын таныстырды, олар – цифрлық медицина, дербестендірілген терапия, биотехнология және жасанды интеллект.
Тараптар клиникалық тәжірибеге инновациялық шешімдерді енгізу, бірлескен ғылыми жобалар, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және цифрлық технологияларды пайдалану мәселелерін талқылады.
Медициналық орталықтың басшысы Алексей Цой кездесу барысында заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында делегация аурухананың негізгі бөлімшелерімен танысты: превентивті медицина бөлімі, КТ және МРТ қызметтері, геномдық зертхана, клинико-фармакологиялық бөлім және оңалту секторы.