





Шара аясында ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Бақыт Әбілдинов, ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой ҚР Президенті Іс басқармасының және Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттарын Медициналық орталықтың және ведомстволық қарасты ұйымдардың қызметкерлеріне табыстады:
• ҚР ПІБ құрмет грамоталары мен Алғыс;
• ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Үздік еңбегі үшін» төсбелгісі және Құрмет грамоталары;
• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері»,«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілері.
Бақыт Әбілдинов ҚР ПІБ жүйесіндегі медицина қызметкерлерінің еліміздің денсаулық сақтау саласына қосқан үлесін ерекше атап өтіп, дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтады. Алексей Цой салтанатты шараға жиналғандарды құттықтап, мамандыққа деген адалдығы үшін алғыс білдірді.
Жалпы кәсіби мерекеге орай Медициналық орталық пен оған қарасты ұйымдардың 90-нан астам қызметкері түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды.
Барша әріптестерді марапаттарымен құттықтаймыз!
Халық денсаулығы жолындағы еңбектеріңізге сәттілік, отбасы амандығын, кәсіби жетістіктер тілейміз!