



Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған ҚР ПІБ Бас тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Серік Сыдықов қатысушыларды құттықтап, табыс тіледі.
Жарыс құлаштап жүзу, брасс, баттерфляй және еркін стиль сынды бірнеше жүзу тәсілі бойынша өтті.
Сайыста әрқайсысы ерлер мен нәзік жандылардан құралған 8 команда мүшелері жекелей сында және командалық эстафетада бақ сынады.
Бәсеке қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Медициналық орталық мамандары бас бәйгені жеңіп алды. Инженерлік-техникалық орталық екінші орынды иеленді. Жүлделі үшінші орын ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметтің Әкімшілік ғимараттары дирекциясына бұйырды.
50 метрге эстафета сайысында да Медорталық - 1-орынды, Инженерлік-техникалық орталық - орынды, ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметтің Әкімшілік ғимараттар дирекциясы - орынды иеленді.
Нәзік жандар арасында 50 метрге жүзуде Нұрбала Сақтапбергенова үздік атанды. Екінші, үшінші жүлде Динара Ақылжанова мен Назгүл Құсайынқызына бұйырды.
Осы қашықтықта Айдын Әбілқасов, Аян Алдабергенов және Дмитрий Мойсеенко жүлделі орындарға қол жеткізді.
Рашида Сақыпқалиева - Жеңіске деген жігері үшін, Рахат Бекқадамов Шабытымен үлгі көрсеткені үшін арнайы аталымдарына ие болды. Медорталық ұжымы Ең үздік жанкүйер атанды.
Спартакиада жыл соңына дейін жалғасатынын айта кетейік. Командалар осыған дейін шағын футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі сынды спорт түрлерінен сынға түскен болатын. Алдағы уақытта жарыс көрігін балуандар қыздыруға тиіс.