

Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы Медициналық орталыққа қарасты ұйымдарда KPI енгізуге арналған онлайн-кездесу өткізді. МТЖО бұл жобаның үйлестірушісі ретінде жүйелі жұмысты 2024 жылы бастаған болатын.
Іс-шараға құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен мамандары қатысты. Кездесу барысында қарастырылған негізгі аспектілер:
• KPI жүйесін ведомстволық ұйымдардың ерекшеліктерін ескере отырып құру;
• қызметкерлер үшін жеке көрсеткіштерді қалыптастыру;
• жеке мақсаттарды ұйымның стратегиялық мақсаттарымен үйлестіру;
• командалық жұмысты бағалау.
Қатысушылар нақты мысалдар мен енгізу кезіндегі жиі кездесетін қателіктерді талдап, күнделікті қызметке бейімделген жеке KPI жобалары әзірледі.
Сондай-ақ жобаның практикалық маңызын атап өтіп, алынған білімді жұмыс барысында қолдануға дайын екендерін білдірді. KPI жүйесі ұйым ішіндегі тиімділік пен ашықтықты арттыру құралы ретінде жоғары бағаланды.