Басты бетМедициналық орталығының ауруханасындағы гинекологиялық хирургия: кәсіби көмек пен жаңа мүмкіндіктер

Медициналық орталығының ауруханасындағы гинекологиялық хирургия: кәсіби көмек пен жаңа мүмкіндіктер

Медициналық орталығының ауруханасындағы гинекологиялық хирургия: кәсіби көмек пен жаңа мүмкіндіктер Медициналық орталығының ауруханасындағы гинекологиялық хирургия: кәсіби көмек пен жаңа мүмкіндіктер Медициналық орталығының ауруханасындағы гинекологиялық хирургия: кәсіби көмек пен жаңа мүмкіндіктер

ҚР ПІБ МО ауруханасының Гинекологиялық хирургия бөлімшесі Науқастардың сұранысына қарай 2022 жылдың қыркүйек айында ашылды. Бүгінде барлығы 24 төсек-орны бар бөлімшеде күніне 6-7 операция үздіксіз жасалады. Сондай-ақ, бөлімшенің жұмысын жандандыруда еңбек етіп жүрген 20-дан аса білімді де білікті мейірбике мен санитар мамандар бар.

Гинекологиялық хирургия бөлімшесінде көп бала босанғаннан немесе ауыр көтергеннен әйел жыныс мүшелерінің төмен түсуі, эктопиялық жүктіліктің барлық түрі, жатыр мен қосалқылардың жіті қабыну және іріңді аурулары, бедеуліктің бірнеше түрі, жатырішілік патология (полиптер, гиперплазия, синехия), стрестік зәр ұстамау, жатырдың, қосалқылардың және жамбас ішпердесінің эндометриозы, жатырдың қатерсіз өспелері (әртүрлі локализациядағы миома), қосалқы өспелер (кисталар мен кистомалардың барлық түрі), әйел жыныс мүшелерінің туа біткен ақаулары емделеді.

Операциялар дәстүрлі және лапароскопиялық, робот-ассисттелген әдістермен жасалады. ҚР ПІБ МО ауруханасының Гинекология бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, 30 жылдық тәжірибесі бар жоғары санатты гинеколог-дәрігер Гүлбарам Башарова әр әйел денсаулығы жақсы болса да жыл сайын мазок тапсырып, УЗИ-ға түсіп отыруы керек деп есептейді.

«Әр қыз-келіншектің тұрақты қаралатын, сенім артатын өз гинеколог дәрігері болғаны абзал. Көпшілік әйелдер тіпті дәрігерге бармай, интернеттегі ақпаратқа сүйеніп емделіп жатады. Онда мағлұмат жалпылама берілетіндіктен, сізге диагноз бола алмайды. Әйел адамның көңіл күйі әрдайым тұрақты болып, күйзелістен бойын аулақ ұстағаны дұрыс. Себебі гинекологиялық аурудың көбі гормондардың бұзылысынан туындайды», – деп кеңес берді дәрігер.