Басты бет«ZEM Wellness Clinic Altea» делегациясының сапары

«ZEM Wellness Clinic Altea» делегациясының сапары

«ZEM Wellness Clinic Altea» делегациясының сапары «ZEM Wellness Clinic Altea» делегациясының сапары «ZEM Wellness Clinic Altea» делегациясының сапары «ZEM Wellness Clinic Altea» делегациясының сапары

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында «ZEM Wellness Clinic Altea» (Испания) компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Делегация құрамында клиника директоры Франк де Вирдт, Wellness бағытының директоры Лилиана-Люсия, компания иесінің өкілі Сами Ферри және орыс тілдес елдерге арналған амбассадор Наталья Чернобровкина болды.

«ZEM Wellness Clinic Altea» әлемдік деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы жетекші брендтердің бірі болып табылады. Желі әлем бойынша сегіз инновациялық клиниканы біріктіреді.

Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық әлеуетін талқылады, әсіресе медициналық туризм, озық технологияларды енгізу және инновациялық медицина мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Медициналық орталық басшысы өз кезегінде Алексей Цой «Оқжетпес» санаторийлер желісіне тоқталып, елдегі жетекші шипажайлар – «Оқжетпес» (Бурабай), «Almaty Resort» (Алматы) және «Қазақстан» (Ессентуки) жұмысы мен мүмкіндіктіріне тоқталып өтті. Сондай-ақ Медорталықтың халықаралық әріптестік пен бірлескен бастамаларға әрқашан ашық екенін жеткізді.

Сапар аясында қонақтар «Оқжетпес» емдеу сауықтыру кешенінің жұмысымен және туристік әлеуетімен танысты.