Басты бетҰлттық госпитальда эмоционалдық интеллектке арналған семинар өтті

Ұлттық госпитальда эмоционалдық интеллектке арналған семинар өтті

Ұлттық госпитальда эмоционалдық интеллектке арналған семинар өтті Ұлттық госпитальда эмоционалдық интеллектке арналған семинар өтті Ұлттық госпитальда эмоционалдық интеллектке арналған семинар өтті

Жуырда ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде «Медицина саласындағы күйзелісқа төзімділіктің факторы ретінде эмоционалдық интеллект және стрессті басқару машықтары» тақырыбында офлайн семинар өтті.

Ұйымдастырушы – Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы (МТАЖО). Семинарды эмоционалдық интеллектті дамыту бойынша сертификатталған тренер және тьютор, MBA, Ericson International кәсіби коучі Эльмира Абайдильдинова жүргізді.

ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ – ЖАЙ ТРЕНД ЕМЕС, ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Эмоционалдық интеллект бүгінде тек «soft skills» емес – бұл кәсіби өмірде де, жеке өмірде де ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды қабілет. Бұл – өзін және айналасын түсініп, эмоцияларды басқаруға, сын сәттерде сабыр сақтауға, қалжырамауға, адаммен қарым-қатынасты дұрыс құруға үйрететін ресурс.

БҰЛ НЕГЕ МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҮШІН ӨЗЕКТІ?

Себебі медицина – бұл тек ғылым емес. Бұл – адам жанының нәзік күйімен күн сайын бетпе-бет келетін маманның кәсіби майданы. Эмоционалдық тұрақтылық болмаған жағдайда, дәрігердің өзі де күйзеліске түсуі мүмкін.

ҚАТЫСУШЫЛАР НЕ АЛДЫ?

Семинар соңында қатысушылар ресми сертификатқа ие болды. Бірақ ең құнды нәтиже – өз жағдайына жаңаша көзқарас қалыптастырып көрді. Адамның ішкі ресурсын сақтау әлсіздік емес, керісінше, кәсіби жетілгендіктің белгісі екендігін терең түсінді.

МТАЖО алдағы уақытта да осындай soft skills бағытындағы бағдарламаларды жалғастыруды жоспарлап отыр.