Басты бетҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғызстандағы «Қазақстан» шипажайының құрылыс барысымен танысты

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғызстандағы «Қазақстан» шипажайының құрылыс барысымен танысты

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғызстандағы «Қазақстан» шипажайының құрылыс барысымен танысты ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғызстандағы «Қазақстан» шипажайының құрылыс барысымен танысты ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғызстандағы «Қазақстан» шипажайының құрылыс барысымен танысты ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғызстандағы «Қазақстан» шипажайының құрылыс барысымен танысты

Алпыс жылдан астам тарихы бар «Қазақстан» шипажайы бүгінде толық жаңғыртудан өтуде. Қазіргі уақытта бұзу және жер қазу жұмыстары аяқталып, іргетас орнату мен негізгі корпустардың, коттедждердің және шаруашылық блогының монолитті қаңқасын тұрғызу жалғасуда.

Қырғызстанға жұмыс сапары аясында Премьер-министр шипажайдың жаңа корпусының құрылыс алаңын аралап, жұмыс барысымен танысты. ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой нысандардың қазіргі жағдайы мен жаңғырту жоспары туралы баяндап, құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Құрылыстың аякталуы «Қазақстан» шипажайын жаңғыртудың маңызды кезеңіне айналып, оның мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Ыстықкөл жағалауында орналасқан «Қазақстан» шипажайы 1962 жылы пайдалануға берілген. Жаңғырту бағдарламасы нысанды қайта жоспарлауды, функционалдылық пен жайлылықты арттыруды, сондай-ақ қазіргі заманғы нормативтерге сәйкестікті қамтамасыз етуді көздейді. Шипажайдың сыйымдылығы – 180 төсек-орын.