Басты бетМедициналық орталық ауруханасының Гастроэнтерология және гепатология орталығында жыл басынан бері...

Медициналық орталық ауруханасының Гастроэнтерология және гепатология орталығында жыл басынан бері 758 науқас емделді

Медициналық орталық ауруханасының Гастроэнтерология және гепатология орталығында жыл басынан бері 758 науқас емделді Медициналық орталық ауруханасының Гастроэнтерология және гепатология орталығында жыл басынан бері 758 науқас емделді Медициналық орталық ауруханасының Гастроэнтерология және гепатология орталығында жыл басынан бері 758 науқас емделді

ҚР ПІБ Медициналық орталық ауруханасында Гастроэнтерология және гепатология орталығы жұмыс істейді. Мұнда ас қорыту жүйесінің ауруларын, соның ішінде бауыр мен өт жолдарының патологияларын диагностикалау, емдеу және алдын алу жүйелі түрде жүргізіледі.

Орталық келесі ауруларды емдеумен айналысады:

• өңеш аурулары;

• Helicobacter pylori инфекциясымен байланысты сырқаттар (созылмалы гастрит, асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы);

• созылмалы панкреатит және ұйқыбездің өзге де аурулары;

• өт қабы мен Одди сфинктерінің дисфункциясы;

• ішектің қабыну аурулары;

• түрлі себептерден туындайтын созылмалы гепатиттер;

• бауыр фиброзы мен циррозы;

• зат алмасу бұзылыстарына байланысты бауырдың майлы аурулары;

• өт-тас ауруы;

• өзге де гастроэнтерологиялық және гепатологиялық сырқаттар.

Сонымен қатар орталықта семіздікке байланысты бауырдың зақымдануы, токсикалық, вирустық және аутоиммундық гепатиттер, зат алмасу бұзылыстары салдарынан дамитын бауыр циррозы, сондай-ақ онкологиялық ауруларға дейін апаратын бауыр патологиялары емделеді.

– Бізге науқастардың көбі гастритпен немесе өт жолдарының бұзылыстарына байланысты шағымдармен келеді. Көп жағдайда асқазанның шырышты қабатында өмір сүретін Helicobacter pylori инфекциясы анықталады. Ол кейде айқын белгілер бермеуі мүмкін, бірақ уақыт өте келе асқазанды зақымдап қана қоймай, бүкіл ағзаға қауіп төндіреді. Инфекция анықталған соң міндетті түрде антибактериалды ем тағайындаймыз, – дейді орталық меңгерушісі Бақытжан Биімбетов.

Жыл басынан бері орталықта 758 науқас емделіп, 7 мыңға жуық адам консультация алған.