Басты бетҰлттық госпитальде II Ұлттық геронтология конференциясы өтті

Ұлттық госпитальде II Ұлттық геронтология конференциясы өтті

Ұлттық госпитальде II Ұлттық геронтология конференциясы өтті Ұлттық госпитальде II Ұлттық геронтология конференциясы өтті Ұлттық госпитальде II Ұлттық геронтология конференциясы өтті Ұлттық госпитальде II Ұлттық геронтология конференциясы өтті Ұлттық госпитальде II Ұлттық геронтология конференциясы өтті Ұлттық госпитальде II Ұлттық геронтология конференциясы өтті

Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде «Геронтологиядағы пәнаралық көзқарас: тәжірибе мен перспективалар» тақырыбында II Ұлттық геронтология конференциясы өтті.

Форум бірден екі маңызды оқиғаға арналды госпитальдің 95 жылдығы мен Халықаралық қарттар күніне. Конференция ғалымдар, тәжірибелі дәрігерлер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін тәжірибе алмасу алаңына айналды.

Шараға 200-ден астам қатысушы - дәрігерлер, ғалымдар мен сарапшылар жиналып, белсенді ұзақ өмір сүрудің болашағын талқылады.

Конференцияны ашқан Ұлттық госпитальдің директоры, медицина ғылымдарының докторы Асхат Бралов мерейтойлық күннің мән-маңызына тоқталды. Осы күні мекеме жаңартылған корпоративтік бренд пен жаңа логотипті таныстырды. Олар тұрақты даму мен инновацияға бағытталған стратегиялық ұстанымды бейнелейді.

«Ұзақ өмір сүру қызметін дамыту – біздің жұмыстың негізгі бағыттарының бірі. Біз халықаралық ынтымақтастыққа, білім алмасуға және үздік тәжірибелерді енгізуге ашықпыз. Мақсатымыз – халықтың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттыру», - деп атап өтті Асхат Бралов.

Бағдарламаның негізгі бөлігі жетекші мамандардың баяндамаларына арналды. Еуразиялық геронтология қауымдастығының президенті, профессор Валерий Бенберин госпитальде қолданылатын ұзақ жасаушыларды сүйемелдеудің кешенді әдістері туралы баяндады. Қазіргі таңда 187 қария тіркеуде тұр, олардың оны жүз жастан асқан.

Оның айтуынша, тәсілдің тиімділігі жүйелі денсаулық мониторингі, теңгерімді тамақтану, тұрақты дене белсенділігі мен интеллектуалдық жүктеменің үйлесімінде жатыр. Сондай-ақ ол қартаюдың алдын алуға жастардың да қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті. Бұл - қоғамда белсенді ұзақ өмірге деген сұраныстың пісіп жетілгенінің белгісі.

Медицина ғылымдарының докторы Аяш Байсултанова қартаюдың психоәлеуметтік қырларына тоқталды. Оның пікірінше, қарттардың өмір сапасы тек медициналық көрсеткіштермен емес, сонымен қатар отбасының қолдауымен, мәдени және қоғамдық өмірге қатысуымен, үздіксіз білім алу мүмкіндігімен айқындалады.

Медицина ғылымдарының докторы Ахметжан Сугралиев жасқа байланысты аурулардың алдын алу және ерте диагностиканың маңыздылығын көтерді. Ол ұлттық ұзақ өмір сүру стратегиясының емдеуден аурудың алдын алуға және өмір бойы пайдалы дағдылар қалыптастыруға көшуі қажеттігін атап өтті.

Конференция медицина, психология, әлеуметтану және цифрлық технологиялардың жетістіктерін біріктірудің өзектілігін дәлелдеді. Негізгі мақсаттардың қатарында – халықаралық тәжірибе алмасу, тұрақты кәсіби ынтымақтастық платформасын құру, ұлттық ұзақ өмір сүру қызметін дамыту және жастардың денсаулық мәдениетін қалыптастыру бар.

Жұмыс қорытындысында қатысушылар мына басымдықтарды айқындады:

• ұлттық профилактикалық бағдарламаларды кеңейту;

• озық тәжірибелерді енгізу және халықаралық байланысты нығайту;

• медициналық, психологиялық және әлеуметтік тәсілдерді қарттарды сүйемелдеудің бірыңғай жүйесіне интеграциялау;

• белсенді ұзақ өмірді жас кезден бастап насихаттау.

Ұлттық госпиталь осы өзгерістердің қозғаушы күші болатынын, табысты шешімдерді ауқымдайтынын және жасқа байланысты медицина саласындағы ғылыми-білім беру жобаларын дамытатынын растады.

Конференция нәтижелері Қазақстанда қарттардың өмір сапасы мен ұзақтығын арттыруға бағытталған жаңа зерттеулердің, оқу бағдарламаларын жаңартудың және халықаралық серіктестікті кеңейтудің берік негізіне айналады.