



ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде мекеменің 95 жылдық мерейтойына орай қызметкерлер арасында шұғыл медициналық көмек көрсету чемпионаты ұйымдастырылды.
Жарысқа үш команда қатысты: шұғыл медициналық көмек бөлімшесі, қабылдау бөлімшесі және реанимация бөлімшесі. Қатысушыларға шынайы жағдайға барынша жақындатылған тәжірибелік тапсырмалар ұсынылды. Олардың ішінде миокард инфарктісінің асқынуы кезінде көмек көрсету, анафилактикалық шокта шұғыл әрекет ету, сондай-ақ ауыр жарақаттар – жабық бас-ми жарақаты мен сан сүйегінің мойны сынған жағдайда алғашқы көмек көрсету болды. Барлық тапсырмалар халықаралық стандарттарға сәйкес дайындалды.
Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды шұғыл медициналық көмек бөлімшесі иеленді. Екінші орынға реанимация бөлімшесі, үшінші орынға қабылдау бөлімшесі жайғасты. Барлық қатысушылар кәсібилігі мен командалық рухын көрсеткені үшін алғыс хаттар мен грамоталармен марапатталды.
Ұлттық госпиталь қызметкерлері арасындағы бұл чемпионат корпоративтік бірліктің, өзара қолдаудың және кәсіби шеберлікті жетілдіруге деген талпыныстың жарқын көрінісіне айналды. Іс-шара салауатты өмір салты дәстүрлерін нығайтып, мекеменің дамуына жаңа серпін берді.